№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Оқудың бірінші кезеңі бітті: Бизнес-жоспар бағыты қандай?

Оқудың бірінші кезеңі бітті: Бизнес-жоспар бағыты қандай?

Аудан халқы мал шаруашылығына бейім, оған бір ғана дәлел – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша грантқа қол жеткізгендердің 80 пайыздан астамы төрт түліктен несібесін айыруды жөн көреді. Бұл – ресми дерек. Бірақ түлікті түлетіп, отбасылық бизнеске айналдырамыз дегендер көп ұзамай кәсіпкерлігін тоқтатып, қайтарымсыз гранттын сұрауы жоқ қаржыдай жұмсап отыр. Мұндай олқылықты болдырмау үшін не істеу керек? Әрине, терең кәсіптік білім алуы қажет...

Мұндай мүмкіндікті «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша меңгеруге әбден болады. Ол үшін Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, одан кейін Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған ауданындағы филиалы базасында біліктілікті шыңдап, нарықтық қатынастырды меңгеру керек.
Бүгінде бағдарлама бойынша білім алушылардың қатары артты. Әсіресе, елді мекен тұрғындары арасында кәсіптік білім алып, орталықтар мен қаржылық институттардан грант және несие алуға ниеттілер бар.
2021 жылдың 26 сәуірінен 16 мамырына дейін бағдарлама аясында оқудың бірінші легі өтті. Онда 85 адам кәсіптік білім алды. Сабақ карантин ережелеріне сәйкес қашықтан оқытылды.
– Біз нарықтық қатынастарды зерттеп, менеджерлік қызметтің мәнін үйретеміз. Бастысы, бизнесті дамытудың қыр-сыры жөнінде білім береміз. Қазір ауданда бір сиыр, бір қашар алып, отбасылық бизнесті дамытуға ниеттілер көп. Бұл перспективалық жоба емес. Сондықтан қатысушыларға креативті бизнес-идеяларға басымдық беруді айтамыз.
Бірінші лекте білім алған 85 қатысушының 74-і сынақтан сүрінбей өтті. Оқу кезінде карантин ережелерін сақтай отырып бизнес-тренерлер талапкерлермен жеке-жеке кездесіп, сабақ берді. Ал, қосымша топпен жұмыс ZOOM платформасы арқылы өрбіді. Енді сертификат алған қатысушы мемлекеттен берілетін 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлеміндегі грантты бизнес жоспарын қорғап, ала алады. Сондай-ақ жеңілдетілген нисиеге де қол жеткізе алады, – деді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған ауданындағы филиалының директоры Асылжан Жолдасбеков.
Жастар арасында сән салоны мен тігін цехын, кондитер өнімдерін өндіру және шлакоблок өндірісі, ағаш өңдеу цехын дамытуға негізделген бизнес-жоспарлар бар. Сондай идеяны қолдайтынның бірі – кент тұрғыны Хава Әбілтайқызы.
– Жобамның мақсаты – донер өнімдерін өндіру, соған жаңа құрылғылар, технология алуды жоспарлап отырмын. Негізі бұл кәсіпті бастағаныма бір жылдан асты, тұрақты тұтынушыларым қалыптасты. Ең бастысы, сапалы өнімге сұраныс көп.
Бұл кәсіпті Алматыда жүргенімде үйрендім. Алдымен көмекші болдым. Толық меңгергеннен кейін ауылдан ашуды мақсат еттім, – дейді Хава.
583 400 теңге қайтарымсыз грант алған­дардың арасында қаржыны мақсатты жұмсамағаны беллігі. Мәселен, 2020 жылы Жаңақорған кенті бойынша 6 адам, Келінтөбе ауылдық округінде бір адам қаржыны мақсатсыз жұмсағаны анықталды. Бұл жөнінде кеше аудан әкімі аппараттың мәжілісінде кеңінен талқылап, кемшіліктің себебін айқындап берді. Бұл жөнінде газеттің келесі нөмірінен толық таныса аласыздар.
Төменарықта тұратын Роза Өткелбаева ешкі өсіру кәсібін қолға алуды мақсат тұтыпты. Өйткені, ешкінің сүтінде емдік қасиеті көп.
– «Қойдың сүті – қорғасын, ешкі сүті – ем» деп ата-бабаларымыз бекер айтпаған. Ешкі сүті – А, С, В, Д, Е дәрумені мен басқа микро және макро элементтерге бай. Сондықтан ешкінің сүтіне сұраныс жоғары. Әсіресе, сәбилер үшін таптырмайтын азық түрі. Кәсіптің бұл түрін отбасылық бизнеске айналдырып, балаларым мен немерелерім жалғастыратын деңгейге жеткізуім керек.
– Өнімді қайда өткізесіз?
– Мен әлі жобамды қорғаған жоқпын, оқығаным жөнінде сертификат алдым. Мақсатым – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы­ның бойынан ашылған жаңа шипажай және т.б сауықтыру орталықтарына өткізуді жоспарлап отырмын, – деді Роза апай.
Жалпы Қазақстанда «Қарапайым заттар эканомикасы» бағдарламасы аясында өнім өндіруге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл – күнделікті қолданатын тауарлар мен қызметтер түрлерін қамтиды. Олардың қатарында тоқыма өнімдері мен жиһаз, азық-түлік өнімдер өндірісі және басқа да тауарлар бар. Күнделікті тұтынатын қарапайым зат­тарды өзімізде өндіру, яғни отандық өндірістің өзегі ету – барынша маңызды. Бұл бағдарламаны дамытудың мақсаты – халықтың қажеттілігін қанағаттандыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастыру үшін бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру. Өндіріс орындары көптеп ашылса, әлбетте бізде жұмыссыздық деңгейі азаятыны сөзсіз.
«Бастау бизнес» бағдарламасын саралау арқылы кәсіпкерлікте мал шаруашылығынан бөлек қызмет көрсету және өнім өндіруге басымдық беру маңызды екенін түсіндік. Себебі, алдағы уақытта төрт түлікке бағытталған бизнес түрлеріне қарағанда креативті жобалар көптеп қолдау табатынын білдік.
Неге десеңіз, 2020 жылы 649 адам мемлекеттік грантқа қол жеткізсе, соның 467-ы мал және құс бағытында қаржы алды. Бірақ статистикалық көрсеткіш бойынша мал басы артты ма? Қазір аудан басшылары осы мәселеде ойланып отыр.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
01 маусым 2021 ж. 841 0