№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Бастау Бизнес» басталды

«Бастау Бизнес» басталды

2021 жылдың 26 сәуірінен «Бастау Бизнес» жобасы аясында оқу басталады. Осыған орай жауапты мамандардан бағдарлама бойынша кімдер оқи алатынын білдік.
Ең бірінші, «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік жүргізу негізіне арналған оқыту тегін болады. Жобаның негізгі ерекшелігі, ауылды жерде кез келген жұмыссыз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқып, жеке кәсіп ашуға жеңілдікпен несие алуға мүмкіндігі бар. 2017 жылдан бастап «Бастау» жобасы негізгі бағыт болып, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына енді. «Атамекен» ҰКП оператор ретінде жоба бойынша жұмысты жалғастыруда.
Бұл жобаны тиімді пайдалана алғандар лайықты табысқа қол жеткізетініне кепілдік беруге болады, ол сондай-ақ кәсіпкерлік жолында жаңадан кәсіп бастағандар үшін бизнесті кеңейтуге жол ашады.
«Бастау Бизнес» жобасына жұмыспен қамту орталығында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Үкімет айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары жобаға қатыса алады. Нақты айтқанда:
– ауылдық елді мекендерде, қалаларда, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар;
– мүгедектер, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе олардың денсаулығына және басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмесе;
– зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар;
– NEET санатындағы жастар;
– табысы аз немесе көпбалалы отба­сылардың мүшелері;
– ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері;
– қоныс аударушылар және оралмандар.
Оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Оқыту қорытындысы бойынша бағдарлама қатысушыларына сертификат беріледі.
Жоба шеңберінде оқыту үшін қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталығына жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, оқудан өту туралы өтінішпен жүгінуі тиіс. Халықты жұмыспен қамту орталығы үміткердің мәртебесін жобаның нысаналы тобына сәйкестігі расталған жағдайда оқуға жолдама береді.
Өтініш беруші оқуға жолдамамен «Атамекен» ӨКП аудандық филиалына оқуға қабылдау үшін жүгінеді. Коронавирус ауруының қаупін азайту мақсатында оқыту «Atameken Academy» онлайн платформасы арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады.
Оқыту кейстік форматта 12 модуль бойынша жүреді, отандық кәсіпкерлер мен «Бастау» жобасы түлектерінің табысты үлгілері мысалға келтіріледі. Модульдарда бизнес-ойлау психологиясы, маркетинг негіздерін түсіндіріп, мемлекеттік қолдау шаралары және оларды қалай алуға болады, өткізу нарықтары, сауатты жобалық жоспарлау туралы айтылады. Қолданыстағы салық режимдері, бизнеске арналған электронды қызметтер туралы ақпарат беріледі. Бизнес-тренермен бірге кәсіпкер өзіне тиімді жобаны таңдайды.

Асылжан ЖОЛДАСБЕКОВ,
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының
Жаңақорған ауданындағы
филиал директоры

20 сәуір 2021 ж. 541 0