№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша оқыту семинарлар сериясы іске қосылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша оқыту семинарлар сериясы іске қосылды


Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүйелі түрде іске асыру тиянақты орындалып келеді. Ұлттық тәжірибе мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық озық іс-тәжірибелерді тарту бойынша нақты істер қолға алынды. Қазіргі таңда парақорлықты жоюдың бірегей үлгісін қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша оқыту жүзеге асуда. Оқу семинарына мыңдаған мемлекеттік қызметкер қатысып, ел мүддесі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін жете түсінуге кірісті.
Сонымен, комплаенс деген не? Бұл батыс елдерінен келген ұғым. Ол – кез келген ұйымда сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін кешенді жұмыс жүргізетін, бірінші басшыға тікелей бағынатын құрылым.
Жуырда Қызылорда облысында алғаш рет квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ілгерілету бойынша оқыту семинары өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырған оқыту семинарына мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары қатысты.
Айта кету керек, квазимемлекеттік компанияларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу міндеті өткен жылдың соңынан бастап заңнамалық деңгейде енгізілді. Осы орайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның 16-бабында «Казимемлекеттік сектор субъектілерінде негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын атқаратын құрылымдық бөлімшелер айқындалады» деп көрсетілген. Яғни, бұл парақорлыққа жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін жасалған қадам.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бизнесті парасатты жүргізу маңызды рөл атқарады. Тиянақты жүргізілген кәсіптің дамуына ештеңенің кедергі емес екенін естен шығармаған жөн.
Транспаренси Қазақстан социологиялық зерттеуінің нәтижесі бойынша, бизнес саласы өкілдерінің 8,2%-ы 2020 жылы сыбайлас жемқорлықсыз мәселе шешілмейтінін хабарлады. Кәсіпкерлердің 80%-дан астамы Қазақстанда пара бермей және тек құқықтық салада жұмыс істей отырып даму мүмкін деп санайды.
Сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою мақсатында квазимемлекеттік сектор компанияларының басшылығын комплаенс-қызметтерді құруды жеделдету қажет. Сонымен қатар оларды білікті кадрлармен жасақтау аса маңызды.
Қызылорда облысында өткен оқыту семинары барысында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу орталығының сарапшысы Айбек Қабылдин және  жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін құру процесінде ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын енгізу әлеуетін атап өтті.
Академия ректорының айтуынша, бүгінде мемлекеттік сектормен қатар академиямен парасатты бизнес қағидаттарын қалыптастыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Ол үшін комплаенс-офицерлерді оқыту модульдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша ұйымдарды сертификаттау процесі іске қосылды.
ISO 37001 стандартына түсініктеме берер болсақ, бұл – ұйым ішінде парақорлықпен күрес жүйесін құру, енгізу, қолдау және жетілдіру бойынша ұсыныстарды қамтиды және талаптарды анықтайды. Мұндағы әдістер сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түрімен тиімді күресуге мүмкіндік береді. ISO 37001 стандарты қызмет ерекшелігіне, меншік нысанына және юрисдикцияға қарамастан кез келген ұйымда қолданылуы мүмкін.
Квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ілгерілету бойынша оқыту семинар республиканың барлық өңірінде квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін өңірлік оқыту семинарларын өткізу туралы шешім қабылданды. Аталған бағыт бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады.

Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы,
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары
 
15 сәуір 2021 ж. 463 0