№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әйелдерге арналған ипотекалық бағдарламаның қашан басталатыны белгілі болды

Әйелдерге арналған ипотекалық бағдарламаның қашан басталатыны белгілі болды


Бағдарламаға "Ұмай" деген атау берілген. Жаңа бағдарламаның арқасында қазақстандық келіншектер несиені 15 пайыз бастапқы жарнамен немесе депозитке ақша жинамай-ақ рәсімдей алады. "Бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі 12 пайыз және алдағы уақытта, яғни тұрғын үй қарызына ауысқан кезде несие мөлшерлемесі 3,5 пайызға дейін төмендейтін болады. Бағдарлама бойынша тұрғын үйдің ең жоғарғы құны - 30 млн теңгеге дейін", - дейді банк өкілдері. Осы ретте бағдарламаға қатысу үшін отбасының жалпы айлық табысы 320 мың теңгеден аспауы тиіс екені атап өтілді. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Азат Перуашев кредит төлемдерін кейінге шегерудің тиімсіз тұсын атады Сондай-ақ "Ұмай" әйелдер ипотекасы бойынша тұрғын үйді алғашқы немесе қайталама нарықтан сатып алуға болады. Одан бөлек жөндеу жұмыстарына 3,7 млн теңгеге дейін алу мүмкіндігі бар. Шарт бойынша клиент жөндеу жүргізілетін тұрғын үйдің меншік иесі немесе меншікке иелес болуы керек. Айта кетсек, бұл бағдараламаға қатысатындардың атында баспанасы бар-жоғы тексерілмейді. Егер клиенттің табысы жеткіліксіз болса онда кез келген бір-екі адамды қосалқы қарыз алушы ретінде шақыруға болады. Несие шартының ең ұзақ мерзімі - 25 жыл.
09 сәуір 2021 ж. 373 0