№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ардагерлердің асуы

Ардагерлердің асуы


2021 жылдың 23-28 наурыз аралығында Петропавл қаласында гір көтеруден ардагерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Ел чемпионатында аудан атынан барған ардагер спортшы Серік Ибрагимов пен Айтмағанбет Асанбеков жүлдемен оралды. 40-50 және 60 жаста сынға түскен жерлес спортшылардың жеңісімен жаңақорғандықтар құттықтап, ілтипат білдірді.


Алдымен 60 жас бойынша Серік ағамыз сынға түсті. Гір спорты бойынша әлемнің 4 дүркін, Еуропаның 9 дүркін және Қазақстанның 5 дүркін чемпионы атанған спортшы бұл жолы алтынға бір табан жетпей, күмісті қанағат тұтты.
– Дәстүрлі өтетін додаға үлкен дайындықпен бардым, бап шаба ма, бақ шаба ма деген осы ғой. Тағы да алтын тұғырдан көрінуге сәл мүмкіндік жетпей қалды, шүкір, әлі де бабымда екенмін. Құттықтап, қолдау білдірген жерлестер мен жанкүйерлеріме алғыс білдіремін, – деді ол.
Ал 40-50 жас бойынша өнер көрсеткен Айтмағанбет Асанбеков бұл жолы қоламен қайтты. Халықаралық бәсекелерде жүлдесіз қайтпайтын жерлес спортшы бұл жолы қоланы қанағат тұтты. Бұл жерлес ағамыздың соңғы жарысы емес, әлі талай додаларда бақ сынауға дайын екенін жеткізді. Сәттілік дейміз. Өйткені қос жүлдегер алдағы уақытта өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.
Жалпы Жаңақорғанда ауыр атлетика спорты қарқынды дамуда, әсіресе гір тасын көтеру спортының орны бөлек. Облыста аудан жастары үнемі үздік үштіктен түспейді. Білікті бапкер Шыңғыс Азнабаевтың еңбегі елеулі.
Міне, спорт жас талғамайды деген осы. Жақында грек-рим күресінен Азия чемпионатына Қазақстан атынан 41 жастағы Георгий Цурцумия сынға түскелі жатыр. Мұның өзі жастарға жігер беретіні анық. Сондықтан бүгінгі жерлес спортшылардың жеңісті жолы аудан жастарына жарқын жол, үлкен өнеге болары анық.

Әлібек ТЕМІРБЕК
06 сәуір 2021 ж. 764 0