Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ШАРДАРАНЫҢ ШОҚТЫҒЫ БИІК

ШАРДАРАНЫҢ ШОҚТЫҒЫ БИІК


Түркістан облысы, Шардара ауданының спортшылары Түркияда өткен армрестлингтен 40-шы әлем чемпионатына қатысып қайтты. «ШАРДАРА АРМСПОРТ» клубының қол күресшілері әлемдік додаға Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында сайысқа түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Анталия қаласында жасөспірімдер,жастар,ересектер және ардагер спортшылар арасындағы жарыстар жоғары деңгейде өтті. Әлемнің 50 мемлекетінің спортшылары жиналған дода 8 күнге жалғасты. Онда шардаралық қол күресшілер ел қоржынына 9 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль салды. Бір таңқаларлығы чемпиондардың ішінде 65 келіде өнер көрсткен Айдархан Нұрдәулет ересектер  арасында осымен әлемнің 4 дүркін чемпионы атанып үлгерді. 
Айта кетейік, бұған дейін Шардарада 24 спортшы дүниежүзінің чемпионы атанғанын хабарлаған болатынбыз. Олардың жетеуі екі дүркін әлем чемпиондығын жеңіп алған.
22 қазан 2018 ж. 1 081 0