№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сынақ мерзімі туралы

Сынақ мерзімі туралы


ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге құқығы бар.
Сынақ мерзімі еңбек шартын жасасқанда күнтізбелік күндермен немесе айлармен белгіленеді және еңбек шарты қолданысқа енгізілген күннен басталады.
Сынақ мерзімі тараптардың келісімімен жұмыскердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленеді.
Маусымдық жұмыстарға арналған еңбек шартын жасасу кезінде сынақ мерзімі белгіленбейді.
Сынақ мерзімі жұмыскердің жұмыс өтіліне қосылады және үш айдан аспауға тиіс.
Сынақ мерзімі еңбек шартының қолдану мерзіміне қарамастан кез келген үш айға дейінгі мерзімге белгіленеді.
Сынақ мерзімі алты айға дейін жұмыскерлердің тек белгілі бір санатына белгіленуі мүмкін. Мысалға, ұйымдардың басшыларына және олардың орынбасарларына, бас бухгалтерлер мен олардың орынбасарларына, филиалдар, ұйымдар өкілдіктерінің басшыларына алты айға дейін сынақ мерзімдері белгіленуі мүмкін.
Сонымен бірге, жұмыс беруші бұрын белгіленген сынақ мерзімінің ұзақтығын қысқартуға құқылы.
Сынақ мерзімінен өту кезеңінде жұмыскерге еңбек заңнамасы қолданылады және сынақ мерзімі жұмыскердің жұмыс өтіліне қосылады.
Жұмыскер жұмыста нақты болмаған кезеңге сынақ мерзімі тоқтатыла тұрады.
Яғни, уақытша еңбекке қабілетсіз болған кезде, оның ішінде жүктілікке және босануға байланысты демалыста болған кезде, оқу демалысында болған кезде, ақы төленетін еңбек демалысында болған кезде және т.б. жағдайларда сынақ мерзімі тоқтатыла тұрады, одан кейін мерзімі аяқталғанға дейін жалғасады.
01 сәуір 2021 ж. 930 0