№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жұмыскерді маусымдық жұмыстарға тартудың тәртібі

Жұмыскерді маусымдық жұмыстарға тартудың тәртібі


Климаттық немесе өзге де табиғи жағдайларға байланысты қызметтердің кейбір түрлерін жыл бойы орындауға мүмкін емес. Сондықтан жұмыс берушілерге осындай жұмыстармен айналысатын жұмысшылардың толық штатын ұстап тұруға тиімді емес. Осыған байланысты, жұмыс берушілер жұмысшыларды маусымдық жұмыстарға тартуға мәжбүр болады.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (ары қарай –Кодекс) 134 бабына сәйкес климаттық немесе өзге де табиғи жағдайларға байланысты белгілі бір, бірақ бір жылдан аспайтын кезең (маусым) ішінде орындалатын жұмыстар маусымдық деп танылады. Бұл баптың маңызы маусымдық жұмыстар бір жылдан аспайтын белгілі бір мауысымда орындалатындығын белгілейді.
Маусымдық жұмыстарды орындау туралы шартты бекіту бойынша негіздер еңбек шартында көзделуге тиіс, осымен бірге жұмыскердің өзіне тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі белгіленбейді.
Маусымдық жұмыстардың түрлеріне ағаш дайындау және ағаш ағызу, ет және сүт өнеркәсібі, балық өнеркәсібі, өнеркәсіптің қант және консерв салалары жатады, бірақ бұл тізім шектелмеген.
Маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскерлермен жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың негіздеріне, Кодекстің 52 бабында көзделген басты негіздерден басқа (барлығы 25 негіз), келесі қосымша негіздер қарастырылған:
- жұмыс берушідегі жұмыстар өндірістік сипаттағы себептер бойынша екі аптадан артық мерзімге тоқтатыла тұрған;
- жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан бір ай бойы жұмысқа шықпаған жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.
Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу кезінде, Кодекстің 52 бабында қарастырылған келесі негіздер:
- жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған;
- жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жұмыс беруші жұмыскерді еңбек шартының алдағы бұзылатыны туралы күнтізбелік жеті күн бұрын жазбаша ескертуге міндетті. Бұл жағдайда жұмыскерге екі апталық орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төленеді.
Маусымдық жұмыстарда істейтін жұмыскермен еңбек шарты бұзылған кезде жұмыс беруші пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлемін жұмыс істелген уақытқа пропорционалды түрде төлейді.
Жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу негіздері де болуы мүмкін, бұл жағдайда жұмыскер жұмыс берушіні күнтізбелік жеті күн бұрын жазбаша түрде ескертуге тиіс.

А.Баймаханова
Қызылорда облысының еңбек саласындағы
бақылау басқармасының бас маман-мемлекеттік
еңбек инспекторы 

26 наурыз 2021 ж. 647 0