№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сіз қандай доссыз?

Сіз қандай доссыз?

Күнделікті кездесіп жүрген танысым өзінің ішіндегі мына жайды айтқанда расымен не айтарымды білмей, тілімді тістей қалғаным рас. Жанындағы құрбысы мұнан қымбат бір затын алып, беретін уақытын кешіктіріп жіберген ғой. Онысымен қоймай тағы да бағалы заттарын ала тұрып, оны сатып жібергенін де естігенмін. Ең сорақысы, үйіне күнде келіп жүріп, жанында қосағына да құрық салған көрінеді.
Мұндай жағдайда «былай жаса» деп айтудың өзі қиын екен. Үндемей тыңдағаныммен, не деп жұбатарымды білмедім. Сірә, бұл құрбым дос таңдаудан жаңылған. Сіз досты таңдағанда несіне мән берер едіңіз? Әрине «адамның аласы ішінде» дейміз. Десек те төмендегі ғибратты қисса адамның шынайы достығын мысал етеді.
Бірде екі дос шөл далада жолаушылап келе жатады. Бір кезде сөзден сөз шығып, екеуі тартысып қалады. Біреуі ашуға қатты булығып, екіншісін қойып қалады. Досының ұрғаны жанына қатты батады, бірақ ләм-мим демей құмға былай деп жазып қояды: «Бүгін мені жан досым ұрды!». Сөйтіп, екеуі көкорай шалғын жерге келгенше тоқтамай жүріп отырады. Суды сол жерге жеткенде ішерміз деп келісіп алады. Бір кезде досынан таяқ жеген жігіт батпаққа аяғы кіріп шыға алмай қиналады. Тіпті, тұншығуға айналып, демі тарыла бастағанда, досы кұтқарып қалады. Батпақтан кұтылғаннан кейін, тастың үстіне ойып тұрып: «Бүгін мені жан досым, өлім аузынан құтқарып қалды», деп жазады. Оның бұл жазуына таңырқаған жолдасы: «Ұрған кезімде құмға жаздың, ал енді не үшін тасқа жазып жатырсың?» деп сұрайды. Сонда досы: «Біреу бізге жамандық жасаса, оны құмға жазғанымыз дұрыс, кешірім самалы оны өшіріп кетсін. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа ойып жазайық, оны ешқандай жел өшіре алмасын!» деген екен.
Мысалдан ұққанымыздай, маған мұңын шаққан танысым, кез-келген уақытта досын да кешіруге бар. Кең жүректігі ғой, қаншама рет алдаса да, сөзінде тұрмаса да жамандыққа қимай, қол ұшын беріп жүргені. Ал сонысына жауап ала алды ма?
Бұл мысалдан бөлек қаншама жандарды көріп жүрміз. Досым деп жүргені басқа жан болып шығып жатқандар бар. Тек Жаратушымыз Құдси хадисте: «Кімде-кім менің разылығым үшін бір-бірін жақсы көрсе, бір отырыста болса, бір-біріне зиярат жасаса, бір-біріне жәрдемдессе, менің махаббатым оған нәсіп болады» деп уәде берген. Қанша жақсылық жасап, досын қайғыда қалдырмаған танысым үшін Жаратушының өз уәдесі бар. Мен осыған қуандым. Ал сіздің досыңыз қандай?
18 наурыз 2021 ж. 669 0