№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Медициналық сақтандыру жүйесінде уақытша мәртебені қалай алуға болады?

Медициналық сақтандыру жүйесінде уақытша мәртебені қалай алуға болады?

Мемлекет халықтың 15 жеңілдік санатына медициналық сақтандыру үшін жарна төлейді. Осылайша, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтары МӘМС шеңберінде медициналық көмекті тегін ала алады. Егер сіз жеңілдік санатына жататын болсаңыз, бірақ жүйеде сіздің мәртебеңіз «сақтандырылмаған» болса, сіз медициналық ұйымға жүгінгенде немесе өз бетінше уақытша сақтандырылу мәртебесін ала аласыз.
Пациент медициналық ұйымға жүгінген кезде:
1-қадам: медициналық ұйыммен байланасып және «сақтандырылмаған» мәртебесін анықтау;
2-қадам: медициналық ұйымның қызметкері пациентті растайтын құжатты сканерлейді (суретке түсіреді) және «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасы арқылы ӘМСҚ-ға жібереді (қосымшаны App Store және Play Market-тен жүктеуге болады);
3-қадам: ӘМСҚ сақтандыру мәртебесін 1 (бір) айға береді;
*науқасқа сақтандырылған мәртебе берілгені туралы хабардар етіледі;
Медициналық ұйымға бармай-ақ (өз бетінше):
1-қадам: Пациент МӘМС жүйесіндегі мәртебесін «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп, «сақтандырылмаған» мәртебесін анықтады;
2-қадам: Пациент растайтын құжатты сканерлейді (суретке түсіреді) және «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы ӘМСҚ-ға жібереді (қосымшаны App Store және Play Market-те жүктеуге болады);
3-қадам: ӘМСҚ сақтандыру мәртебесін 1 (бір) айға береді;
*науқасқа сақтандырылған мәртебе берілгені туралы хабардар етіледі;
Бір ай ішінде сақтандырылған азаматтарға МӘМС пакетінің қызметтері қолжетімді болады. Сондай-ақ, бұл мерзім пациентке өзінің жеңілдік мәртебесін қалпына келтіру немесе медициналық сақтандыру бойынша қарыздарын төлеу үшін беріледі.
Мәртебенізді ресми қызметтер арқылы тексеріп отыруыңыз керек – ӘМСҚ-дың fms.kz сайтында, «Qoldau - 24/7» мобильді қосымшасында, Telegram-да SaqtandyryBot-та, «Электрондық үкімет» порталында - https://egov.kz/ / (мемлекеттік қызмет -«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру»)

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
09 наурыз 2021 ж. 528 0