Соңғы жаңалықтар

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘМС жүйесінде қалай уақытша сақтандырылуға болады?

МӘМС жүйесінде қалай уақытша сақтандырылуға болады?


Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары мемлекеттен медициналық сақтандыру жарналарының арқасында МӘМС шеңберінде медициналық көмек ала алады. Уақытша сақтандырылу мәртебесін (жеке тұлғалар санаттары бойынша сақтандырылмағандығы анықталған жағдайда) Qoldau 24/7 мобильді қосымшасының көмегімен үйден шықпай-ақ алуға болады. Сіздердің назарларыңызға Qoldau - 24/7 қосымшасының көмегімен сақтандырылудың уақытша мәртебесін қалай алуға болатыны туралы толық нұсқаулықты ұсынамыз.
· Ұялы телефонда Qoldau - 24/7 мобильді қосымшасын AppStore-дан немесе Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтынан https://fms.kz/kk сілтеме бойынша жүктеп алыңыз және орнатыңыз («Халықтық бақылау» қойындысын таңдаңыз, содан кейін «Call Center»)
· Жүйеде тіркеліңіз: электрондық мекенжайды, тегіңізді, атыңызды және байланыс телефонын енгізіңіз;
· Тіркелгеннен және кіргеннен кейін төменгі оң жақ бұрыштағы «бізге жазыңыз» түймесін пайдаланыңыз;
· «Өтінішті құру» нысанында «консультация» санатын таңдаңыз;
· Әрі қарай, тұратын аймақты таңдаңыз;
· «Өтініш мәтіні» жолында міндетті түрде жеңілдік санатын және өзіңіздің ЖСН-ді көрсетіңіз;
· Сканерленген құжатты немесе растайтын құжаттың суретін тіркеңіз. «Файлды тіркеу» түймесін басып, галереядан құжатты таңдаңыз немесе суретке түсіріңіз;
· «Өтінішті жіберу» бастырмасын басыңыз;
Сәтті толтырылған жағдайда «Өтініш сәтті жасалды! Терезені жабу» бастырмасы шығады. Барлық талаптарға сәйкес болған жағдайда МӘМС жүйесіндегі Сіздің мәртебеңіз 40-50 минут ішінде жаңартылады.
Сондай-ақ, "Qoldau-24/7" қосымшасында Сіз кеңес ала аласыз, шағым жолдай аласыз, алғыс білдіре аласыз, өз ұсыныстарыңызды білдіре аласыз, сақтандыру мәртебесін тексере аласыз, МӘМС жүйесінде сақтанушының уақытша мәртебесін ала аласыз.

Айгүл АХАНОВА,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
20 қазан 2020 ж. 529 0