№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаны сұлудың гүлі солмайды

Жаны сұлудың гүлі солмайды


Әсем гүлдер үйдің сәнін келтіріп қана қоймай, адам жанына жылылық ұялататын қасиетке ие. Адам жанын жадыратып, көңілін көтеруде гүлден асқан сыйлық жоқ. Гүл жан-жағына жұпарын шашады. Айналаға сұлулық, нәзіктік сыйлайды. Гүл өсіруді өзінің хоббиіне айналдырған Зүбәйра Мұсаева ханым бүгінде 30-дан астам гүл түрін үйінде баптайды. Өзі ауданаралық ауруханада жұмыс жасайды , ақ халатты абзал жан болғандықтан тазалық пен әдемілікті жаны сүйеді. Апайдың үйіне кіргеннен жасыл желекке жамылған, көздің жауын алатын алқызыл гүлдерді көргенде, ертегілер әлеміне еніп кеткендей күй кештік. Апырай, осындай сұлулықты өз қолымен жасап, оны әдемі қалпында сақтап отырған гүлзардың мінезі де мәйім, нәзік болмысының өзі кісіні ерекше тартып тұрады екен.


– Мен бала күнімнен қырдың гүлдерін, даланың жұпар иісі аңқыған көгорай майсаны аңсап тұратынмын. Олардың тасты жарып шығатыны қызықтыратын. Ес білгеннен кейін бөлме гүлдерімен әуестендім. Өйткені, үйде анам гүлді ерекше жақсы көріп, күтімге алатын. Бұл көріністі кішкентайыман көріп өскеннен болар, өзім де гүлге ерекше әуестендім. Көктем шығып, күн жылына бастағаннан гүлдің ерекше түрлерін үйге де, аулаға да егуге асығатынмын. Өйткені, гүл екпесем өзімді жайсыз сезініп, көңіл-күйім қашады, – дейді Зүбәйра Абибуллақызы.
Көктем келіп, тіршілікке жан біткенде гүл өсірушілердің де жұмысы қыза түседі. Ақпан айында тұқымы себілген гүлдер осы кезден бастап аялы алақан мен қамқор көңілді қажет ете бастайды. Иә, күннің нұры мен жылуы, жердің нәрімен қоса гүлдерге нәзік көңіл де керек.
Әрбір еккен гүлім мен үшін қымбат, тіпті оларды кейде өз баламдай әлпештеп қарауға тырысамын. Ең маңыздысы, гүл бала секілді күтімді қажет етеді. Гүлді күтіп – баптау өзіме ұнайды. Бұл көңіл-күйіме ерекше әсер етеді. Гүлдер – тіршілік атаулының оянуы мен жақсылыққа деген үміттің нышаны. Сондықтан, гүл өсірумен машықтанғаныма өзімді бақытты санаймын. Үйімде қанша бөлме болса, соның барлығы да гүлге толып тұр. Мен гүл екпесем жайбарақат отыра алмай, беймаза күй кешемін. Осы күндері ойланып қарасам, гүл менің өмірімнің бір бөлшегіне айналған екен, – дейді Зүбәйра ханым.
Қазірде сыйлық ретінде бөлме гүлдерін сыйлау, керек десеңіз тойбастарға гүл беру сәнге айналып келеді. Ол – қуантарлық жайт. Сондай-ақ гүл өсірудің қыр-сырын білгісі келетін азаматшалар Зүбәйра Абибуллақызының үйіне арнайы барып, гүл күтімі жайында түрлі кеңестер де алып жатады екен.
Сонымен қатар маман көп сатылымдағы және сұранысқа ие гүлдердің қыр-сырымен бөлісті. Мәсе­лен, хлорофитум – ең пайдалы бөлме гүлдерінің бірі.
Хамедорея – пальма ағашының ең ірі түрі. Ол үй жағдайында өсіруге өте ыңғайлы өсімдік. Гүл бағбанының ауласында бұдан басқа Қазтамақ сынды біз атын да естіп көрмеген гүлдің жаңа сорттарын көзіміз шалды.
Екеуінің де емдік қасиеті бол­ғандықтан, оны дәрі ретінде қолдануға да болады екен. Қазтамақтың тамырынан немесе кепкен шөбінен алынған тұнбаны бүйрекке байланған тасты ерітуге, буын мен бұлшық еттің ауруы мен сегізкөзді емдеуге, сондай-ақ бас-памен ауырғанда тамақ шаюға, сүйек сынғанда ванна жасауға, түсе бастаған, шашты жууға пайдаланады. Бір қызығы гүл тұрған бөлмеде ұрыс-керіс бола қалған жағдайда өсімдік адамның жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөлу арқылы, үйде тез татулық орнауына сеп.
Біз сұхбаттасымызға мерекелерде гүл сыйлау әдебі жөнінде сауалымызды қойдық. Кімге қандай гүл сыйлаймыз?
Әйел азаматшаларға да, ер адамдарға да гүл сыйлауға болады,– дейді ол. Ер азаматтарға «Ер бақыты», «Доллар гүлі» болса, нәзік жан иелеріне «Әйел бақыты», «Раушан» сынды сыйға беруге болады. Әр гүлдің өзіндік қыр-сыры бар. Қауызын ашқан әсем гүлдің барлығы да ерекше сезімге бөлейді. Бастысы, гүл сатып аларда оның атауы мен күтімін мұқият білгеніңіз жөн.

Әсел КЕҢЕС


06 наурыз 2021 ж. 584 0