№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ГҮЛ ӨСІРУ – МӘДЕНИЕТТІЛІКТІҢ АЙНАСЫ

ГҮЛ ӨСІРУ – МӘДЕНИЕТТІЛІКТІҢ АЙНАСЫ


Гүл өсіру – ежелден қалыптасқан, бүгінде тез дамыған шаруашылықтың бір түрі. Әлем бойынша гүл өсіріп, оны экспорттаудан Нидерландия, Германия, Жапония елдері көш бастап тұр. Рас, кең жайлауда еркін көшіп-қонып, табиғаттың төл сұлулығына көз қанықтырған, оның тегін тартуы – қызғалдағы мен жауқазыны жайқалған жазиралы аймақ ата-баба заманының еншісінде қалды. Ал, қолдан гүл егіп, өсіріп, әдемілікке ұмтылу жөнінен қызығушылығымыз төмен. Елде гүл бақтарын өсіріп, оны сатылымға шығаратын шаруалар аз, арнайы кадр қалыптаспаған. Десе де, Қарағанды, Жезқазған, Маңғыстау облыстарының ботаникалық бақтарында мыңдаған гүлдің түрлері мен сорттары өсіріледі.
Ал, ауданда гүл өсіру мәдениеті тіптен кешеуілдеп қалған. Жоқтың қасы десе де болады. Гүлді өз ауласында өсіретін тұрғындардың өзі бірен-саран. Дегенмен, кей мекемелерде көгалдандыру жұмыстары жақсы дамып жатыр. Мәселен, аудандағы №110 мектеп-лицейінде 300-ден астам бөлме гүлдері бар. Оны күтіп-баптау үшін арнайы штат бөлініп, тұрақты бір адам жұмысқа алыныпты.
– Мектептің айналасы мен ішін көгалдандырып, гүлзарға айналдыру мектеп директорының тікелей қадағалауында. Қазір мектепте бөлме гүлдерінің сан алуан түрлері бар. Оларға күнде күтім жасап, әрқайсысын өзінің ерекшеліктеріне қарай суғарып, дәрумендерін уақытылы беріп отырамын. Жалпы, өсімдіктердің жайқалып тұрғаны кез-келен адамға көтеріңкі көңіл-күй сыйлары анық. Өсімдіктердің балалардың ойлау өрісіне өзгеше әсер етіп, ауаны жаңартуда пайдасы мол, – дейді №110 мектеп-лицейінің гүл өсірушісі Айдана Бакирова.
Сондай-ақ, аудан тұрғындарының арасында ауласы мен бөлмелерін гүл бағына айналдырып отырған шаңырақтың бірі – Байсаловтар отбасы. Қай бөлмесіне кірсеңіз де әдемілікті сыйлайтын гүлдерге толы. Шаңырақтың бағбаны осы үйдің отанасы. Ол гүлдерді өсіріп қана қоймай, оны сатылымға шығарып, табыс көзіне айналдырып отыр.
– Үйде 30-дан аса бөлме гүлдері бар. Олардың қатарынан раушан, алендра, әйел бақыты, кактустың өзгеше түрі және т.б. кездестіруге болады. Ал, аулада раушанның сан түрлі түсі, намазшам, хош иісті райхан сияқты оншақты гүлдің түрі бар. Негізі, тек бөлме гүлдерін ғана сатамын. Бағасы 2000 мен 5000-ның арасы. Ал, дала гүлдерін көбіне сыйлыққа беремін, – дейді гүл өсіруші Алтын Шакирова.
Иә, гүл өсіру – мәдениеттің айнасы. Ал, оны өсіруді қалыптастырып, айналамызды гүлзарға айналдыру өзіміздің қолымызда. Осы тұста, №110 мектеп-лицейі мен Байсаловтар отбасының бастамасы көпке үлгі болса игі.
Қайбір жылдары кент келбетін арттыру мақсатында орталықтағы ірі мекемелер алдына тас тұғырлар орнатылып, жасанды гүлмен көмкеріліп еді. Көбі шаң-тозаң басып, көркінен айрылды. Тегі, табиғи түрде өз тұқымынан өсіп, айналасына көрік сыйлайтын гүл шоқтарына не жетсін. Осыны көп болып қолға алатын кез келген тәрізді.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
11 қыркүйек 2018 ж. 2 045 0