№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Білімді әйел білімді ұрпақ тәрбиелейді

Білімді әйел білімді ұрпақ тәрбиелейді


Елімізде гендерлік саясаттың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жасалды. Басты бағыт – әйел-аналардың қоғамдағы рөлін арттыру, оларға барлық деңгейде қамқорлық жасау.


Ана – отбасының алтын діңгегі. Әйел – саясатта, әлеуметтік өмірде ғана емес, үйде отырып та отбасының шаруасын келістірген үнемшілдігімен, берекелі ісімен ел болашағын баянды етуге телегей-теңіз үлес қосып отырғанын айтуға тиіспіз.
Көзі ашық, көкірегі ояу аналарымыз отбасында да салиқалы саясат ұстанып, ұл мен қыздың тәрбиесін мығым тізгіндей алуымен парасатты келешекті қалыптастырады.
Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері жөніндегі комиссияның отырысында ел өміріндегі өзекті мәселелер, ана мен бала жағдайын көтеруге бағытталған түрлі жобаларға айрықша көңіл бөлініп отыр.
Жастар тәрбиесі, отбасын­дағы зорлық-зомбылық жағ­дай­ларын зерттеу бағытында тиісті сала өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс жасауды басты назарға алып келеміз.
Елде әлеуметтік жай-күйі кемшін жанұяларды қамқорлыққа алу, көп балалы отбасылардың кәсіпкерлікпен айналысуына қайтарымсыз қаржы алу мәселелеріне мейлінше көмек мәселелері де басты назарда.
Кез келген кәсіпке ынталы нәзік жандарға психологиялық, физикалық тұрғыдан да ең алдымен жанындағы жары, отбасында аға-іні, бауырлары демеу болуы тиіс. Бүтін азаматтарымыз елдік мәселеде «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарса» қоғам сонда алға бет түзейді. Мұның барлығы білімділіктен бастау алады.
Ақылына көркі сай қыз-келіншектеріміз, сонымен қатар терең білім, парасатымен кез келген биікті бағындыра алады.

Жайна Жиенбаева,
аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы


06 наурыз 2021 ж. 491 0