Мақсат – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
Бүгінде халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны жыл сайын арта түсуде, ал оны алу процессі бұрынғыдан жеңілдетілгенін ерекше атап өту қажет. Оның электронды форматқа көшуі де – жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік беріп келеді. Нақты статистиканы сөйлетсек, облыстағы қызмет беруші мекемелермен былтыр 372 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 6 155 896 қызмет көрсетілген. Осыған қарап, көрсеткіштің 2019 жылмен салыстырғанда 2 454 316 қызметке немесе 66,3 пайызға артқанын айқын аңғаруға болады.
Ал, электрондық түрде 3 748 279 қызмет көрсетілген. Жалпы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің, оның ішінде электрондық қызметтердің саны атқарылған жұмыстардың ауқымын байқатып отыр. Азаматтардың сұранысының өсуі, сонымен қатар пандемия кезіндегі карантиндік шектеулердің де әсері мемлекеттік қызметтерді ақылы түрде көрсететін орындардың көптеп ашылуына ықпал етті. Аталған орындарда «электронды үкімет» веб-порталынан тегін алуға болатын қызметтерді алуға делдалдық жасағаны үшін тұрғындардан 500 теңгеден бастап 3000 теңгеге дейін сұралған. Мысалы, кез-келген анықтама алу құны – 500 теңге, ЭЦҚ алу, мекенжайға тіркелу – 1000 теңге, балабақшаға тіркеу үшін – 2000 теңге. Ал, бұл қызметтерді артық шығынсыз алуға мүмкіндік бар. Тек құлшыныс керек. Құпиялылық жағынан да мәселе жоқ емес. Тарқатсақ, біріншіден, жоғарыда айтқанымыздай, тегін қызметті ақылы алады, екіншіден, тұрғындар ЭЦҚ-сын құпия сөздерімен бірге сол қызмет алған орындарға тастап кетеді. Одан кейін сіздің ЭЦҚ-дың қандай мақсатта пайдаланылатыны белгісіз.
Дегенмен де маңызды мәселе бақылауда. Өткен жылдың соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасы негізінде облыс әкімдігінің қолдауымен «Электрондық қызметтерді өздігінен алу орталығы» жұмысын бастап кетті. Орталық осы кезеңге дейін 7000-ға жуық тұрғынға қызмет көрсетті. Аталған орталықта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының мамандары кеңес беріп, сан сауалға жауап беруге дайын. Орталық дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-20:00 аралығында және сенбі күні сағат 09:00-18:00 аралығында қызмет көрсетеді. Орталық мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Бектұрғанов көшесі, 70 (И.Панфилов көшесімен қиылысы), Көші-қон полициясы ғимараты, 1-қабат.
Айта кету керек, өткен жылы Департаментпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша 47 тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесімен 222 заң бұзушылық анықталды. Ең көп орын алған факт қатарында стандартта көзделмеген құжаттарды талап ету, қызмет көрсету рәсімдерін, мерзімін бұзу, құжаттар топтамасы толық болмаса да қызмет көрсету бар. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 465-бабы бойынша 11 және 462-бабы бойынша 1 әкімшілік хаттама толтырылды. Салынған және өндірілген айыппұл мөлшері – 432 257 теңге.
Азаматтардың назарына! Егер де, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу барысында Сіздің құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңіз бұзылса Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 1 мекенжайда орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне хабарласуды сұраймыз. Байланыс телефондарымыз: 8 (7242) 70-56-36, 70-00-40.

Роллан ЕСПЕНБЕТОВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы