№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2020 жылғы 12 айында және 2021 жылғы 2 айында келіп түскен шағымдар бойынша

2020 жылғы 12 айында және 2021 жылғы 2 айында келіп түскен шағымдар бойынша


2020 жылдан бастап Елімізде МӘМС жүйесі іске асырылуына байланысты, медициналық қызметтердің сапасын арттыру, науқастардың құқықтарын қорғау және халықпен кері байланысты орнату мақсатында, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ-мен СРМ жүйесі әзірленіп, 1406 Call-орталығына медициналық мекемелер мен қызметкерлерге қатысты келіп түскен шағымдар осы жүйеге тіркелуде. Сондай-ақ, 2020 жылғы маусым айынан бастап, шағымдарды Қолдау 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жолдау мүмкіндігі пайда болды.
2020 жылғы 12 айында 1406 Call-орталығына Қызылорда облысының медициналық мекемелерінің қызметіне қатысты барлығы 169 шағым келіп түскен, оның ішінде 15 шағым Қолдау 24/7 мобильді қосымшасы арқылы түскен. Шағымдардың басым көпшілігі (25, яғни 14,8%) Арал аудандық ауруханасына қатысты.
Сондай-ақ:
№3 қалалық емханасы-15;
Шиелі ауданаралық ауруханасы-13;
№1 қалалық емханасы-12, Байқоңыр қаласының көп-бейінді ауруханасы-12;
№6 қалалық емханасы-9, «Сенім» ЖШС- 9;
Қармақшы ауданаралық ауруханасы-8, облыстық балалар ауруханасы-8, №2 қалалық емханасы-8, №5 қалалық емханасы-8;
Қазалы ауданаралық ауруханасы-5, облыстық көпбейінді ауруханасы-5;
Облыстық жұқпалы ауруханасы-4, №4 қалалық емханасы-4;
Сырдария ауданаралық ауруханасы-3, облыстық перинаталдық орталық-3, қалалық ауруханасы-3, «Қалалық темір жол ауруханасы» ЖШС-3;
Жалағаш ауданаралық ауруханасы-2, облыстық психикалық денсаулық орталығы-2, «Қазалы темір жол ауруханасы» ЖШС-2, «Достар Медлайн» ЖШС-2;
Өңірлік балалар оңалту орталығы-1, облыстық тері-венерологиялық диспансер-1 шағым түскен.
Шағымдар бойынша Қормен тексерулер жүргізіліп, 14 шағым бойынша науқастардың уәждері дәлелденіп, медициналық мекемелермен медициналық қызметтерді тиісті дәрежеде көрсетпегені анықталды. Бұл деректер бойынша филиалдың  мониторинг бөлімімен медициналық мекемелерге қатысты ақаулар рәсімделіп, бұл медициналық қызметтердің қаражаты Қордың филиал тарапынан қаржыландырылмады.
Қалған шағымдар бойынша науқастардың құқықтарын қалпына келтіру бағытында тиісті шаралар жүргізіліп, оларға сапалы медициналық қызметтердің көрсетілуіне ықпал жасалды.   
Мысалыға:
2020 жылғы 25 қаңтарда 1406 Call-орталығына Шиелі ауданының тұрғыны Бейсекеев Бауыржаннан шағым түсті. Бейсекеев Б. өз шағымында 2-топтағы мүгедегі бола тұра, Шиелі ауданаралық емханасынан консультативтік-диагностикалық қызметтерді тегін түрде ала алмай жүргені туралы көрсеткен.   Тексеру барысында, Б.Бейсекеев 2015 жылдан бастап Шиелі ауданаралық емханасында года «Хронический остеомиелит правой пяточной кости» диагнозымен диспансерлік есепте тұратыны және 2-топтағы мүгедектігі бар екені анықталды. 
Қазақстан Республикасының 16.11.2015 жылғы №405 санды «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 26-бабы 1-тармағының 12-тармақшасына сәйкес, барлық топтағы мүгедектерге МӘМС үшін жарналарын мемлекет төлейді және олар МӘМС шеңберіндегі барлық медициналық қызметтерді тегін түрде толық көлемде алуға құқылы. 
Алайда, емхананың хирург дәрігері Б.Бейсекеевқа В және С вирустық гепатит анализдеріне жолдамасын ақылы түрде тапсыру үшін берген. Яғни,Шиелі ауданаралық емхананың медициналық қызметкерлерімен медициналық қызметтерді тұтынушының құқықтары өрескел бұзылған.
Осыған байланысты, хирург дәрігеріне «Сөгіс», әлеуметтік көмекшіге «Ескерту» тәртіптік жазалары қолдынылып, Б.Бейсекеевке оның анализдерді тапсыру үшін жаратылған 8 000 теңге шығыны өндіріліп берілді.   
Сондай-ақ, 2021 жылғы 2 айында 2020 жылғы 12 айында 1406 Call-орталығына Қызылорда облысының медициналық мекемелерінің қызметіне қатысты барлығы 14 шағым келіп түскен, оның 4-уі -Қолдау -24/7 мобилдік қосымшасы арқылы түскен.
Шағымдарды медициналық мекемелерге талдайтын болсақ, Шиелі ауданы бойынша-1, Қармақшы ауданы-3, Сырдария ауданы-1, Арал ауданы-1, «Сенім» емханасына- 2, «Дария-мед» ЖШС-1, №1 емхана-3, «Медиум» ЖШС-1, Қызылорда қалалық темір жол емханасына-1  шағым түскен.
Шағымдардың басым көпшілігі медициналық қызмет сапасының төмендігіне, тегін берілетін дәрі-дәрмектердің, МӘМС жүйесі шеңберінде тегін түрде берілуге жататын консультативті-диагностикалық қызмет түрлерінің және стационарлық көмек алу мүмкіндігі болмауына, медициналық қызметкерлердің дөрекілігіне қатысты жазылған.
Науқастар медициналық ұйымдарда  қызмет алу кезінде қиындықтарға тап болғанда, көбінесе өз құқықтарын қорғау үшін қайда бару керектігін білмейді.  
Қордың басты міндеттерінің бірі - науқас құқығын қорғау. Сондықтан Қор мамандары медициналық көмектің сапасын бақылайды және қызмет  көрсетуден бас тартудың себептерін тексереді.
           Науқас құқығын қалай қорғай алады?
1-әдіс. Науқастарды қолдау қызметі.
Уақытты жоғалтпай, медициналық қызмет көрсетуді бақылау және жағдайды сол жерде шешу үшін арнайы құрылған «Науқастарды қолдау қызметіне» хабарласу керек. Бұл қызмет барлық медициналық ұйымдарда жұмыс істейді және әр емханада бұл қызмет: медициналық көмектің ішкі бақылауын жүргізеді, медициналық қызмет көрсету кезіндегі бұзушылықтарды анықтайды, өтініштер мен шағымдарды қарау мәселелерімен айналысады.
2-әдіс. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 40 00 01 байланыс орталығына хабарласады.
Барлық медициналық ұйымдар денсаулық сақтау басқармасына бағынады, сондықтан науқастар тікелей басқарма байланыс орталығына хабарласу арқылы өз мәселесін шеше алады.
3-әдіс. «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы өтініш жолдай алады. 
Азамат «Qoldau 24/7» қосымшасына байланысқаннан кейін әлеуметтік сақтандыру Қорының мамандары: медициналық ұйымға хабарласып, ақпаратты анықтайды және медициналық көмек көрсетуден бас тарту себептерін тексереді.
Өтінішке нөмір беріледі, сол арқылы шағымның мәртебесі бақылай алады.
4-әдіс: Telegram-дағы SaqtandyryBot.
Telegram-нан «SaqtandyryBot» тауып, оны іске қосу керек. Бас мәзірден «1406 нөміріне өтініш жіберу» пәрменін таңдайды және өтініш жолдайды.
5-әдіс. 1406 бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш қалдыра алады. 1406 бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы қоңырауларды қабылдайды және сұрақтарды өңдеу үшін арнайы құрылған үш деңгейлі модель бойынша өтініштерді қарастырады:
Бірінші деңгей – кеңес беру сипатындағы сұрақтар қабылданады;
Екінші және үшінші деңгей – жан-жақты зерттеуді қажет ететін өтініштерді қарастырады.
Қор мамандары медициналық ұйымға хабарласады, түскен ақпаратты анықтап, медициналық көмек көрсетуден бас тарту себептерін тексереді.
6-әдіс: fms.kz сайтындағы «Халықтық бақылау» бөлімі
Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының сайтына кіріп, өтініш береді: fms.kz сайтына өтеді, «Халықтық бақылау» бөлімін ашады және тапсырманы таңдайды: шағым немесе ұсыныс қалдырады.
Шағым қалдыру үшін:
Аймақ, емхана, диагноз, тексеру күні, ЖСН көрсетіп, шағым себебін таңдау қажет.
Ұсыныс қалдыру үшін:
Бастапқы мәліметтерді толтырып, мәтінді тұжырымдау қажет.
Сонымен қатар, МӘМС жүйесі іске асырылуымен жеңілдік санатқа жатқызылған азаматтардың сақтандыру мәртебесін алуында қиындықтар кездесіп, МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызметтерді алуға кедергілер туындады. Бұл азаматтардың басым көпшілігі жоғары және орта арнайы оқу орындарының күндізгі нысанда оқитын студенттер мен еш жерде жұмыс істемейтін жүкті әйелдер.  
Бұл сұрақты оң шешу мақсатында, Қормен «Қолдау-24/7» мобилдік қосымшасына функция енгізіліп, қазіргі таңда Заңмен белгіленген жеңілдік санатқа жататын азаматтар МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесіне 1 күнде ие болу мүмкіндігі пайда болды. 
Заңның 26-бабының 1-тармағында көрсетілген 18 жасқа дейінгі балалар, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, бала үш жасқа толғанға дейін оны тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар, мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам, зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері; жұмыс істемейтін оралмандар; "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар; мүгедектер; орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтін азаматтар үшін ай сайынғы МӘМС үшін жарналарын мемлекет төлейді және олар МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызметтерді алуға құқылы.
Жеңілдік санаты бар азаматтардың мәртебесі САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН болып көрсетсе, олар Қолдау-24/7 мобилдік қосымшасы арқылы тиісті құжаттарын тіркеп, өтініш жолдау қажет. Егер, ол студент болса, өзінің ЖСН-н көрсетіп, оқу орнында оқитынын растайтын анықтаманы тіркеу қажет. Қор филиалының жауапты қызметкері бұл өтінішті қарап, тіркелген құжаттардың негізінде студентке сақтандыру мәртебесін уақытша 1 ай мерзімге береді. Әрі қарай, МӘМС жүйесінде тұрақты мәртебеге ие болу үшін, студент оқу орнына өзінің аты-жөнін тіркеу үшін хабарласу қажет.
Егер, студент шетелде оқитын болса, ол электрондық үкіметтің egov.kz сайтына өтіп, «Қызметтер» бөлімінен «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» тармағын таңдап, тіркелу қажет.  
Еш жерде жұмыс істемейтін әйелдер емхана дәрігерінен жүктілікті дәлелдейтін анықтаманы Қолдау -24/7 мобилдік қосымшасына тіркеп, сақтандыру мәртебесін алу туралы өтініш жолдайды.  Қор филиалының жауапты қызметкері бұл өтінішті қарап, тіркелген анықтаманың негізінде еш жерде жұмыс істемейтін жүкті әйелге сақтандыру мәртебесін уақытша 1 ай мерзімге береді. Әрі қарай, емхана қызметкерлері бұл азаматшаны «Жүкті әйелдердің тізіліміне» тіркеу қажет.
Сонымен қатар, филиал сарапшыларымен азаматтарды қабылдау барысында туындаған сұрақтарға жауаптар беріліп, кеңестер беріліп, өзекті мәселелер шешілуде.
Қазіргі таңда, Ресей Федерациясынан зейнеткерлікке шыққан Қазақстан Республикасынан азаматтарының және Ауған соғысының ардагерлерінің жеңілдік санатына енгізілмегені өзекті мәселелерінің бірі болып табылуда. 
Бұл сұрақты шешу мақсатында, филиалмен Қор төрағасына ұсыныстар жолданды және оң шешілуіне үміт артамыз.

Бақыт Торғайбайұлы Исмаханбетов    
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры 
23 ақпан 2021 ж. 287 0