№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Індетке байланысты сұрақтар болса кімге жүгінеміз?

Індетке байланысты сұрақтар болса кімге жүгінеміз?

Коронавирусқа байланысты сұрақтарыңызды Qoldau - 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жолдауға болады.
Медициналық сақтандыру, пациенттердің құқықтары, "COVID-19" белгілері мәселелері бойынша өтініштер тәулік бойы Qoldau-24/7 мобильді қосымшасында қабылданады. Кері байланыстың бұл түрі, әсіресе қазіргі карантин кезеңінде үлкен сұранысқа ие. Азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге мониторинг жүргізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға беріледі. Содан кейін өтініш берушіге қосымшада оның аккаунтында жауап беріледі. Қордың "Qoldau-24/7" мобильдік қосымшасы азаматтардың өтініштерін өңдеудің үш деңгейлі жүйесін қамтамасыз етудің кері байланыс арналарының бірі болып табылады.
Бірінші желіде – «1406 бірыңғай байланыс орталығы», онда халықтың МӘМС мәселелері бойынша кеңесі, азаматтардың өтініштерін қабылдау, шағымдар мен оқиғаларды тіркеу жүзеге асырылады. Екінші желіде - Қордың заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі департаменті, оның лауазымына регламенттік мерзімде өтініштерді өңдеуді бақылау, медициналық ұйымдардың жауаптарының сапасын бақылау кіреді. Үшінші желіде - оқиғалардың, шағымның себептерін қарауды және жоюды, өтініш берушінің өтінішіне жауап дайындауды жүргізетін медициналық ұйымдар. Өз сұрақтарыңызды 1406 операторларына «Telegram» - «QoldauINFO» мобильді қосымшалары арқылы да жолдауыңызға болады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының "Qoldau-24/7" мобильді қосымшасын Android смартфондары үшін Play Market арқылы, Apple смартфондары үшін App Store арқылы жүктеп алуға болады.
АЙГУЛЬ АХАНОВА,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының халықты
ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі
бөлімінің бас сарапшысы
05 қараша 2020 ж. 498 0