№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Роботым жол талғамайды»

«Роботым жол талғамайды»

Жаңақорғандық оқушылардың ІТ саласына бетбұрып, жасанды интеллектіні дамытуға құштарлығы жоғары. Бұған Мейіржан Нұрдәулетұлының құрастырған 10 роботтың ерекшелігіне қанық болу арқылы көз жеткіздік.Мейіржан аудандық балалармен мәдени-тәрбиелік жұмыстар орта­лығында робот жасау бағдарламасын үйренуде.
– ІТ және робототехника саласын­да бағдарлама жасауды меңгеру маңызды. Себебі роботты құрастыру оңай болғанымен, бағдарламалауға біршама уақыт кетеді. Робот құрас­тырғанда оның бөлшектерінің беріктігі де маңызды рөл атқарады. Менің мақсатым – ауылшаруашылығын дамытуға арналған робот ойлап табу, – деді жас талант иесі.
Мейіржанның қолындағы 10 ро­бот ауылшаруашылығына бағыт­тал­ған. Бірі тұқымды сорттауға бағ­дарланса, екіншісі, шөп турайды. Ол осы роботтарын жетілдіру үшін бос уақытында ізденісті тоқтатқан емес. Бұл жайында ұстазы Дастан Кадиров:
– Робототехникада математика, информатика, физика, геометрия пәнін жақсы меңгеру маңызды. Мәселен, олар математика пәнінен бір формула үйреніп келетін болса, үйірмеде сол формуланы пайдалана отырып, өздері тәжірибе жүзінде шыңдайды. Физикалық есеп арқылы роботты, оның қимылын жасайды. Робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, теориялық ілімді тәжірибе жүзінде жүзеге асырады. Мейіржан оқушыларымның арасында ізденімпаздылығымен ерекшеленеді. Бүгінде ауылшаруашылығы саласын дамытуға арналған роботтарды бағ­дарлауда еңбектеніп жүр, – деді.
Яғни робототехниканы еңбекқор, ізденімпаз оқу­шылар меңгеріп, жетіс­тіктерге жете алады. Біздің кейіпкеріміз үлгерімі жақсы, қоғам­дық жұмыста белсенді, ең бастысы, өз-өзін дамытуға көңіл бөліп, мақсатына жетуде аянбай еңбек ете­ді.
№125 мектеп­тің мұғалімі, Мей­ір­­жан­ның сы­нып же­тек­­шісі Мөл­дір Асанова: «Мейіржан әрбір са­баққа тиянақты дайындалады. Білімді. Ұқыпты. Өнерге бейім. Оның робототехникаға қызығушылығы бола­шақ бағдарын айқындады. Меніңше, осы салада биік жетістіктерге жетеді», – деп мақтауын асырды.
Оның алғашқы жұмысы облыстық робототехника сайысында жоғары бағаланып, бас жүлдеге ие болған еді. Әлеуметтік желідегі Мейіржан Нұрдәулеттің «Өрмекші», «Сумо», «Жол тал­ғам­пазы» роботына қызы­ғу­шылық жоғары.
– Қиялымдағы роботтың сызбасы дайын. Енді оны дамытып, сынақтан өткізіп, патенттеп, өндіріске қосу үшін еңбектенемін. Оның басты ерекшелігі жол талғамай, қараңғы мен жарықта да жолды тауып, кедергілерді алдын ала танып, соған сай әрекет етеді, – деп ойын түйіндейді мұратшыл білімпаз.
Біздің жас дарынның нақты мұраты бар. Ол – өзінің роботтары арқылы аудан экономикасын дамытуға үлес қосу. Әрине, бұл жолда қажырлы еңбек пен ізденіс қажет. Мұның салмағын Мейіржан жақсы түсінеді...

Мақпал МАРҚАБАЙ

20 ақпан 2021 ж. 401 0