Құрылтай

№53 (8967) 18

18 шілде 2026 ж.

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР АРАСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР АРАСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ


Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын талқылау аясында Руханият орталығында “Жаңақорған тынысы” газетінің тілшілері мен блогерлер арасында маңызды кездесу өтті.
Аудандық штаб жетекшісі Ғалымжан Жарқынбек және мүшелері Өмірсерік Тақырбасов, Пахмадин Айнақожаев, Серқожа Ыдырысов басқосуға қатысып, Конституция жобасының негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндірді. Жаңа жобада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді күшейту және заң үстемдігін қамтамасыз ету басты басымдықтардың бірі екені нақты атап өтілді.
Кездесу кезінде журналистер мен блогерлер өз ойларын ашық ортаға салып, сұрақтарын қойып, маңызды ұсыныстарын ортаға салды. Шынайы диалог форматы қатысушыларға Конституцияның қоғам өміріне тигізер әсерін терең түсінуге мүмкіндік берді.
Бұл талқылау – ел болашағы, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қорғау бағытында саналы ақпарат пен түсінік қалыптастыруға қосылған маңызды қадам болды.
Жанель ЖҮСІП
#Референдум2026
#АтаЗаң
06 наурыз 2026 ж. 580 0