Соңғы жаңалықтар

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ДЕПУТАТТАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ДЕПУТАТТАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Ауданда жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Бүгін аудандық коалиция мүшелері аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерімен арнайы кездесіп, реформалардың негізгі бағыттары мен алдағы референдумның тарихи мәнін талқылады.
Іс-шараға спикер ретінде аудандық мәслихат төрағасы әрі коалиция жетекшісі Ғалымжан Жарқынбек, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Даулетбек Қалыбаев қатысты.
Кездесу барысында реформалардың негізгі мақсаты – заң үстемдігін нығайту, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау және азаматтардың құқықтарын қорғау екені атап өтілді. Сондай-ақ, жаңа Конституция жобасының саяси жаңғыру үдерісінің маңызды кезеңі екені, құжат ашық талқылаудан өтіп, қоғам пікірлері ескерілгені, өкілді органдардың рөлі артып, қоғамдық бақылау механизмдері күшейетіні, бұл азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуына мүмкіндік беретіні түсіндірілді.
Депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері өз сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды. Коалиция мүшелері нақты жауаптар беріп, мазмұнды пікір алмасу жүргізді. Қатысушылар жаңа Конституция маңызды құжат екенін және алдағы референдум ел үшін шешуші тарихи сәт болатынын атап өтті.
#референдум2026
#жаңаКонституция
#15наурыз
05 наурыз 2026 ж. 941 0