Топ-баннер
Топ-баннер2

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

№15 (8929) 24

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ХАЛЫҚ ОЙЫ – ОРТАҚ БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

ХАЛЫҚ ОЙЫ – ОРТАҚ БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

Ел экономикасының тірегі – аыл хақы екені анық. Жермен еңбек етіп, мал өсіріп, берекелі тіршіліктің негізін қалап отырған жандардың еңбегі қашанда құрметке лайық. Сондықтан елдің дамуына қатысты маңызды шешімдерге ауыл тұрғындарының да белсенді қатысуы – болашақтың берік негізін қалайды. Осы мақсатта, елiмiздегi өзгерістерге байланысты ауданында аудандық коалиция мүшелері Мәжит Балқожаев, Темірбек Үсенов, Алма Мамирова, Қалдарбек Тұрабаев Манап ауылының тұрғындарымен кездесіп, ел өміріндегі маңызды құжат – Жаңа Конституция жобасы төңірегінде пікір алмасты. Кездесу барысында Ата Заңға ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұны мен оның қоғам дамуына тигізетін ықпалы жан-жақты түсіндірілді.
Жиынға қатысқан ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін ашық жеткізді. Еркін форматта өткен кездесуде ауыл тұрғындары ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге бейжай қарамай, белсенділік танытуы қажет екенін тiлге тиек етті.
Аудандық коалиция мүшелері мұндай кездесулер халықпен ашық диалог орнатуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Себебі елдің келешегіне қатысты бастамалар халықтың қолдауы мен саналы таңдауына байланысты екені белгілі.

#СаналыТаңдау
#ЕлБолашағы
#Референдум2026
#ЖаңаКонституция
#АтаЗаң
#15Наурыз
06 наурыз 2026 ж. 180 0