Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қорқыттың даналығы үш тілде сөйлейді

Қорқыттың даналығы үш тілде сөйлейді

Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бастамасымен «Қорқыт атаның даналық сөздері» атты кітап қазақ, орыс және ағылшын тілінде жарық көрді.

Кітапты құрастырушы және жоба авторы – орталық қызметкері, белгілі түркітанушы, филология ғылымдарының кандидаты Серікбай Қосан.  Үш мың дана таралыммен «Тұмар» баспасынан жарық көрген туындыдағы мәтіннің қазақ тіліндегі нұсқасы профессор Б.Ысқақовтың аудармасы негізінде әзірленіп, аздаған түзету енгізілген. Ал орыс тіліндегі мәтініне 1965 жылы «Книга моего деда Коркута» деген атаумен жарық көрген академик В.Бартольдтің аудармасы негіз болған. Дүние тылсымын қобыз сарынынан іздеген баба нақылының орыс, ағылшын тіліндегі нұсқалсы Ұлттық аударма бюросы мамандарының көмегімен әзірленген.
–  Жалпы Қорқыт ата күллі түркіге ортақ болғанмен оның туған топырағы, өмір сүрген ортасы, мәңгілік мекен тапқан жері осы Сыр өңірі.  Бұған осы бағытта көп еңбектенген академик В.Жирмунскийдің «Сырдария жағасында Қорқытты құрметтеудің мың жылдық өнегесі бар» деген сөзінен асқан дәлелдің қажеті де жоқ шығар. Сондықтан да Елбасы бастамашы болған «Рухани жаңғыру» бастамасы аясында баба мұрасы арқылы халықтың философиялық дүниетанымын кеңейте түсу мақсатында осы істі қолға алдық, – дейді жоба авторы.
– Бастамамызды бірден қолдап әкеткен ел азаматтарына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Соның арқасында идея игілікті іске айналып, кітап оқырмандар қолына тигелі тұр.
Ғалымның айтуынша, кітап мәтіні Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Орталық ғылыми кітапханасының сирек қоры мен М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақталған  материалдар негізінде және 1999 жылы жарық көрген «Қорқыт ата энциклопедиясында» жарық көрген нұсқалар негізінде дайындалған.
Жинақта ұлы даладағы ұзандар көшін бастаған Қорқыт тұлғасына байланысты түркітанушы ғалымдардың құнды ойлары да беріліп отыр. Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы жыл соңына дейін аймақтағы сакральды мұралар жайлы кітап пен Сыр сүлейі Тұрмағамбеттің бұрын еш жерде жарияланбаған жырларынан жинақ шығаруды жоспарлап отыр.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
20 қазан 2019 ж. 892 0