Қызылордада «Жаса Агро» бау-бақша орталығы ашылды
Қызылордада ғалым, кәсіпкер Самалбек Қосанов бау-бақша орталығын ашты. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты өңірде ғылымды кәсіпке айналдыруға болатынын дәлелдеп жүрген азаматтардың бірі.
Кәсіпкердің айтуынша, бүгінгі күнге дейін аймақ азаматтары сапалы бау-бақша тұқымдары мен көшеттерін, қаламшаларын көршілес облыстардан алуға мәжбүр екен. Кейде тіпті уақыттың тапшылығынан сырттан да іздемей базардан шығу тегі белгісіз өнімдерді де алатын сәттер жиі кездеседі дейді.
«Бұл орталықты ашудағы мақсат - облыс және қала халқын сапалы тұқымдармен қамтамасыз ету, аймақ тұрғындарының егіншілікке деген қызығушылығын ояту, яғни бақша шаруашылығын кіріс көзі ретінде қарастырғанын қалаймын. Тұқымның сапасына ерекше мән беріп отырмыз. Ол үшін өндірушілермен әріптестік байланыс орнатып, тұқымдарды оригинаторлардан алуды жолға қойдық. Тұқымды шет елдік компаниялармен қоса көрші Шымкент қаласынан, сондай-ақ Жаңақорған ауданындағы «Сыр табиғаты» тұқым бағынан да алып отырмыз. Жаңақорғандық әріптестеріміздің жергілікті жеміс және сәндік екпе ағаштарын облыс орталығына әкеліп халыққа ұсынатын боламыз», - дейді «Жаса Агро» орталығының басшысы Самалбек Қосанов.
Орталықта сапалы тұқымдардан өзге бау-бақшаға тамшылатып суғару үшін қажетті құралдар, тыңайтқыштар, жылыжайға қажетті жабдықтарға дейін бар. Кәсіпкер орталық жанынан жылыжай да салып қойған. Аталмыш жылыжайдан биыл 50 мың дана көкөністердің көшетін нарыққа шығармақ, алдағы уақытта көлемін 150-200 мың көшетке дейін арттырамыз дейді. Көшеттердің маусымынан кейін орнына қияр егіледі екен.
Орталықтан тұқым немесе өзге де бау-бақшаға қажетті заттарды алған адамдарға Самалбек Қосановтың өзі қолдануына қатысты кеңес беріп, өнімді одан әрі жетілдіруге үлес қосатынын жеткізді.
Мұнан өзге, ғалым-кәсіпкер алдағы уақытта Жұмыспен қамту орталығымен тығыз байланыс орнатып, жұмыссыз жүрген жандарды бау-бақшаның қыр-сырына үйретуді, үйретіп қана қоймай оқыған жандардың біліктілігін айқындайтын сертификаттар беруді көздеп отыр.
Орталықтың ашылуында сөз сөйлеген Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов: «Осыдан бірнеше жыл бұрын өңір дихандары бау-бақша өнімдері үшін субсидия ала алмай келді. Біз облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен бірге бұл мәселені министрлікке жеткізіп, нәтижесінде 2019 жылдан бері аймақ тұрғындары жеміс-жидек, бау-бақша өсіргені үшін мемлекеттік қолдауға ие бола алды. Бүгінгі ашылып тұрған орталық өңірімізде жергілікті өнімдердің қатарын арттыруға, әртараптандыруға үлесін қосады деп сенеміз. Кәсіпкерлер палатасы тарапынан Самалбек Қосановпен тығыз байланыстамыз. Бұл кісі алғаш кәсіпке бет бұрғанда бастамасына толық сүйемелдеу жасадық әлі де қаржылай емес қолдау тетіктері арқылы көмек көрсетудеміз», - деді.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі