№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада ауыл шаруашылығы саласының кәсіпкерлеріне өнімді арттыру жолдары түсіндірілді

Қызылордада ауыл шаруашылығы саласының кәсіпкерлеріне өнімді арттыру жолдары түсіндірілді


Кәсіпкерлер палатасының алаңында жергілікті қауын-қарбыздың тұқымы, оны өсіру және өңдеу технологиялары талқыланды. «Атамекен» ҰКП мен «Біліктілік орталығы» ЖШС-нің ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған семинарының келесі кезеңі бақша дақылдары бағытында өткізілді.

Семинарға қатысқан аймақтағы ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге «Қайнар» Қазақ жеміс-жидек ғылыми-зерттеу институтының өңірлік филиалының бас агрономы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі Жарас Мамырбеков пен Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің деканы, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Самалбек Қосанов дәріс берді. Шарада спикерлер бақша дақылдары, оның ішінде қауын және қарбызға тоқталып, саладағы мәселелерді кәсіпкерлермен бірге жан-жақты қарастырды.
«Қайнар» институтының бас агрономы Жарас Мамырбеков тұқым шаруашылығымен айналысудың маңыздылығы зор екендігін, тұқымның сапасына мән берілмесе, алынған өнімнің тауарлық құнына айтарлықтай әсер ететіндігін айтты. Мысал ретінде қауынның тұқымын алған спикер бізде бақша дақылдарымен айналысатын азаматтардың басым бөлігі қауынды еккенде бірнеше сортты қатар, араластырып егетінін, бұл өз кезегінде тұқымның сапасына кері әсер ететіндігін жеткізді. Ол үшін егілетін сорттардың арасына 500 метрден 1000 метрге дейін бос кеңістік қалдыру немесе тал егу сынды шараларды қабылдап, оқшауландыру қажет екен.
«Соңғы кезде жүргізілген зерттеу жұмыстары гермофродит сорттардың арасына 100 метр де жер қалдыруға болатынын көрсетіп отыр. Ол үшін қауынның бір сортын еккеннен кейін арасына қарбыз немесе асқабақ егіп, содан кейін қауынның өзге сортын егуге болады. Сол кезде тұқым тазалығын 99 пайызға дейін сақтау мүмкіндігі бар. Қазір тұқым шаруашылығымен айналысуды жолға қою басты мәселе болып тұр», - дейді Жарас Мамырбеков.
Жарас Мамырбековтің пікірімен ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Самалбек Қосанов та келісіп отыр. Ол тәжірибе түрінде қауынның «күләбі» сортының тұқымын әзірлегенімен сұраныс болмағанын алға тартуда. Осы жерде Самалбек Қосанов біздің өңірімізде бақша дақылдарымен айналысатын азаматтар оны табыс көзі деп қарамайтындығын, алынған өнімге әлі де болса тұтынушыға ұсынылатын тауар деп қарамайтындығын айтты. Маманның айтуынша, тұқымның сапасына, жалпы тұқымға көрші облыстардасұраныс жоғары екендігіне де тоқталып өтті.
Семинар барысында спикерлер қатысушы азаматтарға бақша өнімдерін сапалы тұқыммен қамтып, дұрыс технологиямен өсірген жағдайда айтарлықтай табысқа жетуге болатынын айтып, оның жолдарымен жан-жақты таныстырып өтті.
Ең бастысы, семинарда бақша өнімдерімен айналысатын ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер мен тиісті сала мамандары арасында әріптестік қарым-қатынас орнады. Семинар қорытындысымен қатысушылар алдағы уақытта да осы мамандармен кеңесе отырып жұмыс жасайтын болып тарқасты.   

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
05 қыркүйек 2019 ж. 1 093 0