Аймақ басшысы алғаш рет халық алдында есеп беруде

– Облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында 178есепті кездесу өткізіп, онда 700-ге жуық сұрақтармен ұсыныс-пікірлер келіп түсті. Бүгінгі кездесу барысында қойылатын сұрақтардың барлығына міндетті түрде жауап беретін боламын. Облыс әкімі қызметіне тағайындалған уақыттан бері аймақтың барлық аудандарында және 80-ге жуық ауылдық округтерді аралап, жергілікті жерлердегі проблемалық мәселелермен таныстым.Біз өңірді дамытудың 2021 жылға арналған 6 негізгі бағыты бойынша облыс әкімінің «Іс-қимыл жоспарын» бекіттік.Сонымен қатар, Қызылорда облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдадық. Аталған құжатқа алдағы 5 жылда аймақта шешімін табуы тиіс ең негізгі жобалар енгізілді, - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Айта кетейік, облыс әкімінің есеп беру кездесуі «Qyzylorda» телеарнасында және Қызылорда облысы әкімдігінің YouTube каналында тікелей эфирде көрсетілуде. Аймақ басшысына 400-100 CALL орталығына қоңырау шалып немесе 400-100.kz сайты, @AKIM400100BOT телеграм каналына жазбаша сұрақ жолдай аласыз.