«Е-Salyq Azamat» қосымшасының мүмкіндігі мол
«Е-Salyq Azamat» мобилді қосымшасы мемлекеттік кірістер органдарына бару күні мен уақытын брондап, мемлекеттік қызметтер алу, салықтық міндеттемелерді орындау, өтініштерді жүзеге асырады. Мобилді қосымша «App Store» және «Play Market» сайттарынан жүктеуге болады.
Онлайн брондау «Е-Salyq Azamat» мобилді қосымшасының «Электронды қызметтер» бөлімінде, сондай-ақ Комитеттің порталында қолжетімді. Жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер аталмыш қосымшасының «Салық әмияны» қызметін пайдаланып, салық міндеттемелерін автоматты түрде көруге мүмкіндігі бар. Әмиянды кез келген банктің картасы арқылы деректемелерді көрсетпей-ақ толтыруға болады.
– Жыл басынан бері облыс бойынша барлығы «Е-Salyk Azamat» қосымшасы арқылы 5890 жаңа 250.00 үлгісіндегі декларация ұсынылды. Бұл қосымшаның салық төлеуде артықшылықтары көп. Мәселен, салықтар бойынша төлеу мерзімін өткізіп алуды болдырмайды. Әсіресе деректерді (реквизиты) толтырудағы қателіктердің алдын алады. Қазіргі таңда сервис жылжымайтын мүлік объектілері, көлік құралдары, жер учаскелері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақапараттық жүйелерімен интеграцияланған, – деді облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов.
Айта кетейік, қосымшада артық төлемді басқару сервисі іске қосылды. Яғни, бұл сервис бір салықтан артық төлемді басқа салықтарға аудару арқылы жүзеге асырылады. Қаражат банктік шотқа 5 жұмыс күнінде қайтарылады. Сондай-ақ, қосымшада «Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» сервисі де бар. Ол жұмыс істейтін тұлғаға еңбек ақысынан есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға аударымдардың сомаларын қарап шығуға мүмкіндік береді.