№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бизнесті дамытудың ұтымды жолы

Бизнесті дамытудың ұтымды жолы


«Қарапайым заттар экономикасы» – отбасылық бизнесті дамытудың тиімді тетігі, яғни күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік, киім-кешек, құрылыс және т.б заттарды өндірісімен етене байланысты. Осы себепті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік бағдарламаға екпін беріп, өңір-өңірде дамытуды тапсырды. Бұған облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова да мән беріп, сала басшылары мен аудан әкімдеріне нақты міндетті жүктеді.


Үкімет «қарапайым заттар экономикасын» дамыту мақсатында арнайы қаулы қабылдады. Аталмыш қаулы негізінде елімізде құрылыс индустриясы, жиһаз, тамақ, жеңіл және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол қартасы әзірленді.
Бағдарлама екі бағыттан тұрады: біріншісі, кәсіпкерлікке жеңілдетілген несие бөлу, екіншісі, жоғарыда аталған өнеркәсіп салаларын дамыту. Жеңілдетілген несие бойынша банктер кәсіпкерлерге 7 жылға 15 процентпен несие береді. Қайта өңдеу жобалары бойынша оның 7 проценті «Даму» қоры арқылы субсидияланады. Ал, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша оның 10 проценті ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы субсидияланады. Сонда іс жүзінде кәсіпкерлер несиені 8 және 5 процентпен өтейді.
Сыр өңірінде бағдарламаны іске асырылуына жәрдемдесу мақсатында Кәсіпкерлер палатасы жанында Жобалық кеңсе құрылды. Жобалық кеңсе құрамына Кәсіпкерлер палатасы, облыстық кәсіпкерлік және туризм, индустриялық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы басқармасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, екінші деңгейлі банк филиалдарының басшылары енді.
Бізде өз кезегінде аталмыш бағдарлама аясында кімдер жеңілдетілген несиеге қол жеткізе алатындығын білмек мақсатта аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаевты сөзге тарттық.
Сала басшысының сөзінше, бағдарламаға жеке кәсіпкерлік субъектілері, яғни, шағын, орта және ірі бизнес өкілдері қатыса алады.
– Негізі несиенің сыйақы мөлшерлемесі жылына – 15 процент. Оның 7 процентін мемлекет субсидиялайды. Ауыл шаруашылығы саласында кейбір жобаларға субсидия 10 процент. Кәсіпкерлерге ақырғы сыйақы мөлшерлемесі – 8 процент. Ал, кейбір ауыл шаруашылығы өнімдеріне – 5 процент. Кредит беру және субсидиялау мерзімі қоса алғанда 7 жылға дейін. Несиелер инвестициялық мақсатта (жаңа өндіріс немесе жұмыс жасап тұрған өндірісті кеңейту) 70 пайызға дейін және айналым қаражатын толықтыруға – 30 процентке дейін, – деді Қаржыбек Тәжібайұлы.
Сондай-ақ қаржыландырылатын негізгі басым жобаларды да атады. Оның ішінде; агроөнеркәсіп, азық-түлік өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, жиһаз және үй тауарлары өндірісі, құрылыс материалдары өндірісі саласына бағытталған.
Сала басшысы өз сөзінде «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту шеңберінде жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын облыста іске асыруға 7 банктің филиалы қатысатынын тілге тиек етті. Олар «Халық банк», «Сбербанк», «АТФ банк», «ForteBank», «Центр Кредит банкі», «Цесна банк», «Еуразиялық банк».
Қаржыбек Бүркітбаевтың сөзінше, Сыр өңірінде бағдарламаға белсенді қатысып отырған ауданның бірі – Жаңақорған ауданы. Бүгінде қаржы институттары жаңақорғандық кәсіпкерлердің 14 жобасын мақұлдап, 264,1 миллион теңге көлемінде қаржы берді. Қаржының басым бөлігі мал шаруашылығы, оның ішінде, мал бордақылау, ет дайындау, мал басын көбейтуге бағытталды
Бағдарламаның игілін көргеннің бірі – «Сұлтантөре» шаруа қожалығының төрағасы Қайсар Төлегенов. Ол 53 миллион теңгеге 122 жылқы бас алып, жылқы шаруашылығын дамытуды қолға алды.

Енді азық-түлік түрлерін өндіріу, киім-кешек дайындау, құрылысқа қажетті материалдар шығару және түрлі жиһаздарды өндіруге мән беру маңызды. Себебі карантин кезі біздің экономика импортқа тәуелді екенін көрсетіп берді.

Мақпал МАРҚАБАЙ


04 тамыз 2020 ж. 713 0