«Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Тұсмағамбетов Жандос Бектайұлы БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.
«Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дәріптеп, халық пен мемлекеттік мекемелердің ашықтығын қамтамасыз етуде.
Облыс әкімдігінің тікелей тапсырмасымен облыс көлемінде Қызылорда қаласы мен барлық аудан орталықтарында жобалық кеңселер ашылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дәріптеуде, мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін нығайту бағыттарында өз жұмысын жүргізіп келеді. Атап айтсақ, 7 аудан, 1 қала орталықтарында жобалық кеңсе ашылып, 146 кент және ауылдық округтерінде жоба бұрыштары қызмет атқаруда.
Өткен жылы негізгі атқарылған жұмыстар:
- Адалдыққа, парасаттылыққа дәріптеу бойынша 5 мыңнан астам флаэрлер мекемелер мен ұйымдарға таратылды;
- «Есіктен есікке» қағидатын іске асыру үшін коммуналдық төлемдер түбіртектеріне «Жемқорлық 1424 Хабарлас» ақпараты орналастырылды;
- қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған 80-нен астам баннерлер орналастырылып, Қызылорда қаласы мен Қазалы ауданында адалдыққа үндейтін муралдар салынды;
- облыс бойынша 70-тен астам түрлі шаралар (байқаулар, семинарлар, кездесулер) ұйымдастырылды;
- онлайн форматта 200-ден астам сұхбаттар, кездесулер өткізілді;
- адалдыққа тәрбиелеу және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жергілікті атқарушы органдар және білім беру мекемелерімен90-нан астам бейнероликтер дайындалып, әлеуметтік желілер және жергілікті арналарда көрсетілді.
«Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің облыс әкімдігі ғимаратында орналасуы азаматтардың ұсыныс пікірлерін қабылдауға мүмкіндік беруде.
Жобалық кеңсе қоғам белсенділерімен, үкіметтік емес ұйымдар, азаматтармен кездесулер жүргізіп, олардың ұсыныс-тілектерін қоғамдық мәселелерді конструктивті шешуге бағыттау жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
Жобаның тағы бір мақсаты – Ашықтылық пен жариялылықты қамтамасыз ету.
Өткен жылы облыс әкімі Гүлшара Наушақызы және аудан әкімдері AntikorLIVE жобасына қатысып, тікелей эфирде әлеуметтік желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, тікелей эфирде облыстық басқарма, департамент пен инспекция басшылары «Antikor.live» жобасына үнемі қатысуда.
Ашық бюджеттердің интерактивті картасында облыс бойынша 698 мемлекеттік мекеме 802,3 млрд. теңгені құрайтын бюджеттерін жариялады. Қоғам өкілдерінің қатысуымен 2 баға өсіру фактісі анықталып, қалпына келтірілді.
2021 жылы әр мекеменің кіреберісіне QR кодтар көрсетілген ақпаратты орналастыру жоспарлануда. Бұл сол мекемеге келген әр азаматқа QR кодты сканерлеу арқылы Ашық бюджеттердің интерактивті картасында жарияланған бюджетке тікелей білуге мүмкіндік береді.
Қызылорда облысындағы кәсіпкерлер палатасымен де тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізілуде.
Ендігі кезекте халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ISO 37001 стандартын өңіріміздің мекемелерінде тарату жұмыстары жүргізілетін болады.
«Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасы Арнайы мониторингтік топтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды.
Әр қоғамдық бақылау мониторингіне Арнайы мониторингтік топтары өкілдері қатысуда. Олардың құрамында қоғам белсенділері мен үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби мамандары бар.
Атқарылған жұмыстардың барлығы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттандырылуда.
Өскелең ұрпақтың бойында парасаттылықты қалыптастыру мақстатында «SANALY URPAQ» және «Адал ұрпақ» жобаларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізілуде.
«SANALY URPAQ» жобасы аясында 3 жоғарғы оқу орынындажәне 28 колледжде жобалық кеңсесі жұмыс жасайды, клубтың5 мыңнан аса мүшесі бар.
Ал, «Адал Ұрпақ» жобасы ерікті клубтары облыс бойынша 293мектепте құрылған. Олардың қатарында 16 мыңнан астам оқушы бар.
Яғни, «SANALY URPAQ» және «Адал Ұрпақ» жобасы ерікті клубтары барлық білім беру ордаларында ашылған.
Тұрмыстық жемқорлықты жою мақсатында 2019 жылы әр ауданда Жобаны жүзеге асыруға жауапты қызметкерлерді бекітіп жүзеге асырсақ, 2020 жылы әр ауылдық округте Адалдық елшілерін белгіледік. Ал, 2021 жылы әр елді мекенді қамту жоспарлануда. Ол үшін біз елді мекендердегі Ақсақалдар кеңесін, еңбек ардагерлерін, еріктілерді тартатын боламыз. Яғни, облыстағы барлық 146 елді мекенді қамтитын боламыз.
Адалдықты, парасаттылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – әр мемлекеттік мекемесінің басты қағидаты болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.
«Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесін құру арқылы осы саясатты институционалдық қамтамасыз етуді енгізу осы үдерістің катализаторы болды.
Жұртшылықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға белсенді тарту және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын күшейтуге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру өз жалғасын табатын болады.