ЖОБА АЯСЫНДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ
Жақында Талап ауылдық округі, Бесарық бекетіндегі №247 жалпы орта мектебінде «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңесі аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жиын өткізілді. Ұстаздар мен оқушылар қатысқан кездесуде еркін пікір алмасылды.
Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидаты маңызды рөл атқаратыны айтылды. Әрбір тұрғын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның ісі екенін түсіну керектігі айрықша аталып өтті.
Сондай-ақ «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңесінің тағы бір алқалы басқосуы ауылдық клубта өтті. Оған ауыл тұрғыдары мен мекеме қызметкерлері қатысты. «Жемқорлыққа жол жоқ» деген тақырыпта өткен кездесуде келелі мәселелер көтерілді. Басқосу соңында «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңесінің алдыға қойған мақсаты мен жұмыс жоспары таныстырылды.
Ерлан РАЙЫМБЕК