Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Төтенше жағдайлардың алдын алу маңызды

Төтенше жағдайлардың алдын алу маңызды


Биылғы қыс жылдағыдан ерекше ызғарымен есте қалуда. Сырдария өзеніне қалың мұз қатты. Оның үстіне, қар 11-13 сантиметрге дейін түсті. Синоптиктердің айтуынша, мұндай қар соңғы рет 1993 жылы түскен екен. Бұл – әсіресе өзен-көлдер мен таудағы қарғын судың қаупіне әкеліп соқтырады. Сондықтан жыл- да осы мезгілде Сырдария өзеніне келетін мол суды қауіпсіз өткізуге дайындық жұмыстары жүргізіледі. Осы дәстүрден жаңылмай оқу-жаттығу жиынын өткізіп, қарғын суға дайындықты пысықтап алады.


Облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуының тақырыбы – қыс және көктем кезеңінде су тасуының қолайсыз дамуы жағдайындағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындық жүргізу. Бірінші, елді мекендер мен аумақты Сырдария өзенінде сең жүру кезінде су алу қаупі туындаған немесе су алған кезінде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарының іс-қимылы пысықталды. Екінші кезекте, таудан келетін қарғын суға байланысты дайындық ісі қаралды.
Оқу-жаттығу жиынына қатысқан АҚ пен ТЖ-дың 15 аудандық қызметтері, төтенше жағдай комиссиясының мүшелері, кент және ауылдық округтердің әкімдері алдымен аудан әкімдігіне жиналды. Қызмет басшылары оқу-жаттығуға дайындығы мен төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдары жайлы есеп берді.
Одан әрі оқу-жаттығу Сырдария өзені бойында жүргізілді, сеңнің алдын алу жұмыстары көрсетілді. Сондай-ақ Жаңақорған-Шалқия тас жолының бойында таудан келетін қарғын суға дайындықты көрдік. Жаңақорған ауданы бойынша су тасқыны кезіндегі жедел әрекет ету жасақтарының күш пен құралдары 38 адам, 11 техника жұмылдырлды.
– Аудан аумағынан жалпы ұзындығы 215 шақырымды құрайтын Сырдария өзені ағады. Сырдария өзеніне жоғарыдан бүгінгі күнге шамамен 380 метр куб су түсуде, өзенде мұз толығымен қатқан, қалыңдығы 25-40 сантиметр. Сырдария өзеніне күнделікті түскен судың мөлшеріне сала мамандарымен бақылау жүргізілуде. Сырдария өзенінің бойындағы 8 қауіпті учаскеге, 8 елді мекеннің әкім аппараты (Көктөбе, Қандөз, Қожакент, Өзгент, Кейден, Байкенже, Төменарық ауылдық округтері мен Жаңақорған кенті) мен 8 мекеме (125 адам, 21 арнайы техника, 40 жүк көлігі) бекітілген, төтенше жағдайлар орын алған кезінде жауапты мекемелерден тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылады, – деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Берікбай Омаров.
Аудан бойынша эвакуациялауға жататын 22 089 адам есепте бар. Сырдария өзенімен су қоймаларынан су басу қаупі бар учаскелерден тұрғындарды көшіру мақсатында 12 эвакуациялық жинақтау, 12 эвакуациялық қабылдау бекеттерінің орындары нақтыланған. Ана мен бала, дәрігерлік көмек көрсету, қарттарды күту, асхана бөлмелері қарастырылған.
– Аудан аумағында 6 су қоймасы орналасқан. Олардың техникалық жағдайлары қанағаттанарлық. Сырдария өзені мен су қоймалары бойынша мәліметтер күнделікті жинақталып, жауапты қызметкерлермен мониторинг жүргізілуде. Алдағы уақытта мұз еріп, Сырдария өзенінде мұз жүру кезеңінде біршама қауіп болары анық. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында мұз жүру кезеңінде Сырдария өзені жағалауындағы елді мекендер тұрғындары мен өзен жағалауындағы шаруа қожалық иелері қауіпсіздік ережесін қатаң сақтаған жөн. Барлық тұрғындар тарапынан өз иеліктеріндегі малдарына бақылау жүргізу міндетті, – деді жауапты сала басшысы.
Қыс мезгіліне қарамай балық аулау үрдісі әлі де жалғасып келеді. Бірақ мамандар күннің жылынуына байланысты алдағы уақытта мұз еріп ыдырайды, мұз үстіне шығу және мұз үстімен өзеннің келесі жағалауына өту қауіпті екендігін ескертеді. Апат айтып келмейді, біз оған дайын болуымыз керек.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
19 қаңтар 2021 ж. 720 0