№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада IT маманы «Бастау» жобасын оқып, тоқыма өнімдерін шығаруды қолға алды

Қызылордада IT маманы «Бастау» жобасын оқып, тоқыма өнімдерін шығаруды қолға алды

Қызылордалық Гүлнұр Борбасова «Бастау» жобасының 2019 жылғы түлегі. Негізгі мамандығы IT саласымен тікелей байланысты ол Алматы қаласындағы елімізге белгілі банктердің бірінде жұмыс жасаған. Тұрмыс құрып, балалы болғаннан кейін бала күтіміндегі кезеңді босқа өткізбейін деген жас ана тоқыма тоқуды хоббиіне айналдыра бастайды.
Бұйымдарды тоқуды виртуалды курстардан үйренген Гүлнұр уақыт өте келе тоқыған өнімдерін табыс көзіне айналдыруды көздейді. Анасынан «Бастау» жобасы туралы естіген ол, Кәсіпкерлер палатасынан кеңес алып, жоба аясында біліктілігін жетілдіреді.
«Бастау» жобасын 2019 жылы оқыдым. Ол кезде курс офлайн жүргізілді. Бизнес-тренер Наталья Мишуковадан сабақ алдым. Бизнесті бастаудың алғышарттарымен танысып, салықтық және өзге де есептіліктерді тапсыруға қатысты құнды ақпараттарға қанық болдым. Осылайша қызығушылықтан басталған тірлігімді теңгеге айналдырудамын», - дейді жас кәсіпкер Гүлнұр Борбасова.
«Бастау» жобасынан сертификатын алған соң, курста әзірлеген бизнес-жоспарын «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы гранттық комиссия алдында қорғап, 530 мың теңге қайтарымсыз қаржыға қол жеткізеді.
Бүгінде Гүлнұр қолдан әр мезгілге арналған бас киімдерді, шарфтарды, сөмкелердің түр-түрін тоқиды. Енді кеудешелерді тоқуды қолға алуда.
«Тоқитын өнімімде жіптің сапасына ерекше мән беремін. Қазір италяндық жіптерді қолданып жүрмін. Арнайы тапсырыспен алдырамын. Таза, меринос қойының жүнінен әзірленген. Табиғи өнім болғандықтан бұл жіптен тоқылған бас киімдерді жаңа туылған сәбиге де кигізуге болады, терлетпейді. Бас киім, шарфтарды тоқып болған соң жуып, арнайы тәсілмен кептіріп барып тапсырыс берушіге ұсынамын», - дейді «бастаулық» Гүлнұр Борбасова.
Ал гранттық қаржыға жақында тоқыма машинасын сатып алыпты.
«Тоқыма машинасы еңбек өнімділігі үшін маңызды. Бұйымдарды қолдан тоқу барысында біршама уақыт кетіп қалады. Кей бұйымды 2-3 күнде әзірлеймін, күрделілеріне 1 аптаға дейін уақыт кетеді. Ал тоқыма машинасы бұл олқылықтың орнын толтырады деп үміттенемін. Себебі өнімнің санының артуы табысқа да әсер етері сөзсіз», - дейді жас кәсіпкер.  
Гүлнұр жас аналарға, өзі секілді жастар мен қыз-келіншектерге қолдарынан келетін қабілеттерін кәсіпке айналдыруға кеңес берді.
«Қазір мүмкіндік жеткілікті. Тек сол мемлекеттің қолдау тетіктерін тиімді пайдалану керек. «Бастау» жобасын осындай тиімді құрал дер едім. Өте ыңғайлы бағдарлама», - деп ойын қорытындылады жас кәсіпкер Гүлнұр.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
19 қаңтар 2021 ж. 517 0