№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Денсаулық неден құртылады? Денсаулықты қалай аман сақтап қалуға болады? Бұл сұрақтар барлығымыздың көкейімізде сайрап тұрғаны хақ. Сол сұрақтарға сіздерге жауап айтып өтейін. Денсаулық баға жетпес құндылық деп баста айтып өткендей оны сақтауымыз керек.
Адам. Адам-ерекше жаратылыс. Себебі, адамда оған қажетті дүниенің барлығы да бар. Айта кетсем: ата-ана, бауыр, туыс, ішерге ас, киерге киім бар. Және де ең маңызды нәрсе денсаулық бар. Ал адамдар бұл дүниені өз қолдарымен құртады. Адамдар бастапқыда темекі және есірткі секілді заттарды қызық көріп бастайды. Ал ол есірткіні қабылдаған сайын тәуелді болып қалатынын байқамайды да. Күннен-күнге тәуелділігі артып, өз-өзін басқарудан да қалады. Тәуелділік артқан сайын отбасы мүшелеріне деген көзқарасын өзгертіп, жат адамдардың сөзін құп көреді. Есірткі қабылдамаса, адам өлтіру секілді зиянды әрекеттер де жасауы мүмкін. Адам өлтіруге де дайын болған адамнан не күтуге болады.Ал оларды болдырмас үшін есірткіні емес спортты жан серігің етуге тырысуымыз қажет. Күнделікті өмірде адам өміріне пайдалы көкөніс, жеміс секілді пайдалы нәрселерді тұтынған жөн. Ата-анамыздың айтқанын тыңдап, түнде, күндіз жалғыз көшеге шықпай, бауырларымызға қарап, сабағымызды дұрыстап алуымыз керек. Әлеуметтік желілердегі адамдармен кездеспей жүруіміз өзімізге тиімді болып табылады.
Қорытындылай келгенде есірткіден аулақ жүріп спортпен шұғылданғанымыз жөн. Ата-ананың берген тәрбиесін дұрыс қабылдап, өз денсаулығымызды сақтайық!

Айғаным Жәдігерқызы,
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылы №54 Ж.Қыдыров атындағы жалпы орта мектептің 9 а сынып оқушысы.
#УПНДПКЗО
13 қаңтар 2021 ж. 520 0