№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елдік мұрат – ізгі мақсат

Елдік мұрат – ізгі мақсат


Жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Руслан Рүстемов Жаңақорған кентіндегі бірнеше тұрғынның шаңырағына арнайы бас сұқты. Мақсат – жаңа жылдық лебізін жеткізіп, елдік мұрат жолында атқарылып жатқан істерді саралау, тұрғындардың өтініш-тілегін білу.
Алдымен Ақмешіт көшесіндегі №61 үй тұрғыны І топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат Ниязов Даниярмен дидарласып, ағалық көңілдің жылуын төккен әкім ағаларына отбасы мүшелері түгел разы болды.
Аудан әкімі Руслан Рүстемов Даниярға қозғалысы арнайы тетіктен басқарылатын электронды арбаны тарту етті. 
– Бүгінде Жаңақорған ауданында 85 мыңға жуық адам тұрады. Әрбірінің бай-қуатты, тұрмыс деңгейінің жақсы болуы біз үшін аса маңызды. Сондықтан табысы төмен азаматтардың, әсіресе, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі және жалғызбасты аналардың әлеуметтік жағдайын арттыру басты назарда, – деді аудан басшысы.
Одан әрі Н.Түршеков көшесі №116 үйдің тұрғыны, І топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат Әмірбек Қанайбековтың отбасында болды. 
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезекті ХVІІІ съезінде жаңа әлеуметтік шараларды жүзеге асыру жөнінде Үкімет пен әкімдіктерге тапсырма берді. Мемлекет басшысы халықты осы бағыттағы жұмыстармен кеңінен таныстыру және шаралардың жүзеге асырылуын бақылау қажеттігін айтты. Қазір мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау шаралары жүйелі атқарылуда. Мына азғандай сыйлығымыз соның бір дәлелі ғана. Біз ағамызға арбаны көмекші құрал ретінде әкелдік. Алайда аяққа тұрып кетуіне тілектеспіз! – деді Руслан Рүстемұлы.
Қос шаңыраққа да әлеуметтік маңызды азық-түлік тарту етілді.
***
Келесі бағыт – ауданға белгілі ақсақалдардың үйінде жалғасты. Бірінші Ибадулла Байғожиннің шаңырағына барды.
– Ассалаумағалейкум, аға! Қуаттысыз ба? – деп ізет көрсетті
– Уағалейкумсалам, Русланжан! Шүкір! Елдің тыныштығын тілеп отырмыз, – деді ақсақал.
– Жаңа жыл жақсылығымен келсін! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін! – деп сөзін жалғады әкім.
– Рақмет! Бастысы, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! – деп жауап қатты ақсақал.
Ибадулла Байғожин түрлі деңгейдегі қызметтер атқарып, ауданның өркендеуіне үлес қосты. Сондықтан мемлекеттік мүдде жолында қызмет етудің жауапкершілігі мен қиындықтарын жақсы түсінеді.
Әкім ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына бағытталған бастамаларын ортаға салды. Ал ақсақал өз бағасын беріп, сәттілік тілеп, батасын берді.
Одан кейін Әбдіхалық Әйтілеуов пен Жүніс Үпеновтың шаңырағына арнайы қадам басып, жаңа жылмен құттықтады.
Әбдіхалық ағамыздың білім беру саласындағы еңбегі бір төбе. 1957-1962 жылдары №53 Романов атындағы мектептің тізгінін ұстады. Сосын Жаңақорған ауданы мен Шиелі аудандары қосылған кезде Шиелі аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1966 жылы Жаңақорған ауданы қайта еншісін алған кезде, халық депутаттары аудандық Советі атқару комитетінің жауапты хатшысы қызметі жүктелді. Осы қызметтерде адамдық болмыс-бітімін, азаматтық қарым-қабілетін көрсетіп, ел игілігі жолында қызмет етті.
Ал СССР Халыққа білім беру ісінің үздігі Жүніс Үпенов ағамыздың еңбек жолы білім беру саласымен байланысты. Ол ұстаздық жолын елуінші жылдары Жайылма мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, №51-ші орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, №3 мектеп-интернатында мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, одан әрі аудандық білім бөлімінде оқу инстпекторы болып қызмет атқарып, 1994 жылы құрметті зейнеткерлікке шыққан. Саланың бірнеше марапаттарын иеленген. Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы.
Ардагер ұстаз өзін арнайы құттықтап келген аудан әкіміне ықыласты рақметін жеткізіп, еңбегіне табыс тіледі.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
03 қаңтар 2021 ж. 265 0