№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлт мерекесі ұлықталды

Ұлт мерекесі ұлықталды





Ұлы Дала елінің ең айшықты мерекесі – ұлттық рух пен елдік мүдде ұлықталатын мерекені сән-салтанатпен қарсы алып, ата-бабаларымыздың ерлік жолына тәу ету мақсатында Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіздік – еліміздің ерлік жолы» атты шырайлы шара ұйымдастырылды.


Салтанатты іс-шарада Қазақ елінің жүріп өткен жолын дәріптеген бейнебаянда тама­шаладық. Құттықтау сөз алған аудан әкімі Руслан Рүстемов:
– Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың ғасыр­лар бойы арман-аңсары болған, талай данала­рымыздың үзілмес үміті болған қасиетті де, қастерлі мерекесі. Біздің бүгінгі бағындырған биік белесіміз егемендіктің арқасы. Еркіндік үшін күресті сонау ғұн мен сақ дәуірінен ту етіп, ғасырлар көшінде ел болып бірігуді, ұлт болып ұйысуды, қоғам болып қауымдасуды армандап келген азаттық таңына бүгінгі ұрпақ қол жеткізіп отыр. Шындығында, қазақ қаншама қилы ке­зең­дерді, қанды қырғын, қолдан жасалған ашар­шылықты да басынан өткерді. Осындай алапат апаттардан қайыспай, ұлт болып ұйысқан қазақ елі соңында тәуелсіздікке қол жеткізді. Сондықтан осы бақытты бағалап қана қоймай, көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу бүгінгі буынның мерейлі міндеті, парасатты парызы. Бүгінгі кескін-келбетіміз кемелденіп, бірлігіміздің арқасында дамудың даңғыл жолына түстік. Елбасы салған сара жолымен жүріп келеміз, Президенттің пайымды парасаттылығымен өркениет көшіне ілесіп, әлемдік сахнада орнымыз айшықталды. Тағы да Тәуелсіздік күні құтты болсын! – деді.
Мерейлі мереке әрі қарай қоғамның әр саласында қызмет жасап жүрген жетістік иелерін марапат тұғырына көтерумен жал­ғасты. Облыс әкімінің «Алғыс хаты» ақын, өлке­танушы Адырбек Сопбековтің жары Шарипа Әбілқайымқызына табысталды. Сол секілді спорт ардагері Құрбанай Саркулов, Қосүйеңкі ауылдық округінің әкімі Жанай Жанпейсов, аудандық соттың бас маманы Алма Оразбаева, аудандық прокуратураның прокуроры Ернұр Талантов, М.Қаратаев атындағы №51 мектептің мұғалімі Аида Ақбалаева, аудандық аурухана жүктілік потология және гинекология бөлімінің шаруа бикесі Гүлжахан Мырзабекова және Аққорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Яхияхан Абуталипов аймақ басшысының арнайы алғысын алды.
Келесі кезекте аудан әкімінің «Алғыс хатын» алғандар қатарында марапат мінберіне журналист Әйгерім Мырзахметова көтерілді. Мерейі үстем болған әріптесімізді біз де құт­тықтаймыз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығы дербестікті қалыптастыру кезеңі болды. Екінші он жылдықта еліміз тұғырын нықтап, керегесін кеңейтіп, ірге­сін бекітті. Үшінші он жылдықта мемлекетіміз шын мәнінде, кемеліне келіп, әлемдік саясаттың төріне озды. Алдағы төртінші он жылдықта бізді жаңа міндеттер күтіп тұр. Елімізді ілгері дамытып, әрбір азаматтың лайықты тұрмысын қамтамасыз етуіміз керек. Оны жүзеге асырудың басты жолы – тиімді басқару жүйесі. Яғни мемлекеттік қызмет көрсету функциясы уақытпен бірге дамып, мемлекеттік қызметшілер бәсекеге қабілетті болуы тиіс.
Мерекелік іс-шара барысында Қазақстан Рес­пуб­ликасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызмет­шілердің ант қабылдауына куә болдық. Сунақата ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бағлан Ерланұлы мен Қыраш ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жамбыл Талғатұлы салтанатты түрде ант қабылдады.
Одан әрі мерекелік кеш концерттік бағдар­ламамен ұласып, «Қаратау қазынасы» халықтық фольклорлық ансамблінің «Адай» күйімен түрілген концерттік бағдарламада Құралай Әлиева ән шырқаса, «Мереке думан» тобы би билеп, мерекелік шашуын тарту етті. Өзге де өнерпаздар өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
16 желтоқсан 2020 ж. 579 0