№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тәуелсіздік – ең басты құндылық

Тәуелсіздік – ең басты құндылық


Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінде еліміздің ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күніне орай мерекелік шара өтті.

Салтанатты жиынға Департамент қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Мерекелік шара Департамент басшысы Нұрман Талқанбаевтың құттықтау сөзімен ашылып, егемен ел болып еңсемізді түзегелі бергі елеулі жетістіктерге тоқталды.
«Тәуелсіздік күні ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген мереке. Тәуелсіздік жылдары кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мақсатындағы тиімді реформалар қолға алынып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі артты. Кез келген елдің дамуы алдымен татулықтың, онан соң тұрақтылықтың арқасында екені дәлелденген қағида. Ендеше оны сақтай білу - біздің құнды парызымыз», - деді Нұрман Талқанбаев.
Шара барысында Тәуелсіздік күні мерекесіне орайұйымдастырылған «Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» конкурсының жеңімпаздары дипломдармен марапатталды. Облыстық департаменттер мен инспекциялар арасында өткізілген конкурстың жеңімпазы болып облыстық экология департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілМарат Құрманбаев танылды. Ал, жергілікті атқарушы органдар арасынан Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Әлімжан Жарылқағанов «Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» атанды.
Мерекелік шарада мемлекеттік қызмет саласының дамуына өз үлестерін қосқаны үшін бірқатар сала мамандары Департамент басшысының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Әлімжан Жарылқағанов шараға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, лебізін білдірді.
14 желтоқсан 2019 ж. 607 0