Баспаналы болу – әрбір қазақтың арманы
Расында әрбір шаңырақ көтерген жастардың ортақ арманы – баспаналы болу. Әсіресе қаладан үйлі болу үлкен бақыт. Қазір аудан орталықтарында да үйлі-жайлы болуы қиындап барады. Бұл мәселені шешуде мемлекеттік бағдармалар көмектесе алады. Біз осы жөнінде зерттеп көрдік.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында тұрғын үй саясатын жетілдірудің бірыңғай моделін әзірлеу қажеттігін айтты. Осы орайда «Бақытты отбасы» бағдарламасының іске қосылуы халықтың аз қамтылған бөлігі үшін тиімді жеңілдік болды. Бірінші кезекте көпбалалы және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларды қамту – басты назарда.
Бүгінде үй алудың тиімді бағдарламалары көп-ақ. Дегенмен соның егжей-тегжейін білу мақсатында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» аудандағы қаржылық кеңесшісі Жазира Әшірапқызына хабарласуды жөн көрдік.
Қазіргі таңда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы көптеген мемлекеттік бағдарламалармен Баспанаға қол жеткізуге болады. «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «Шаңырақ» «Жас отбасы»
– Бүгінде банктің түрлі бағдарламалары халықтың барлық топтарына үй алуға мүмкіндік беріп отыр. «Бақытты отбасы » «2-10-20» бағдарламасына көп балалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі кәмілеттік жасқа толмаған балалары бар отбасылар қатыса алады. Бұл баспана кезегінде тұрған қазақстандықтардың отбасылық табысын, отбасы мүшелерінің санына бөлгенде 65 336 теңгеден аспауы шарт.
Бастапқы жарна ретінде тұрғын үй бағасының 10%-ын жинақтау талап етіледі. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі займды жылдық 2% мөлшерлемемен ұзақтығы 20 жылға дейін беріледі. Қызылорда облысы бойынша 10 млн теңгеге дейінгі тұрғын үйлерді таңдап алу мүмкіндігі бар.
Тұрақты тіркеу мен тұрғылықты мекен-жай бойынша шектеулер қойылмаған. Ауылдық жерлерде тұратын азаматтарда Қызылорда облыс бойынша баспана сатып алуға мүмкіндігі бар.
«Нұрлы жер» «5-20-25» Бастапқы жарна ретінде тұрғын үй бағасының 20%-ын жинақтау талап етіледі. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі займды жылдық 5% мөлшерлемемен ұзақтығы 20 жылға дейін беріледі.
Жаңадан отбасын құрған жанұяларға тиімді шарттармен пәтер алуға мүмкіндік беретін «Жас отбасы» жаңа тұрғын үй бағдарламасы жылдық несие мөлшерлемесі 6 % пайызбен іске қосты. Екі жылдан соң бұл 5% пайызға төмендейді. Бағдарламаға қатысу үшін ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» «Жас отбасы» депозитін ашып, олардың
некеге тұрған мерзімі 3 жылдан аспауы тиіс. Жас отбасылар Қазақстанның кез келген жерінен өздері армандаған Баспанасының 50% жинақтауы шарт.
Сондай-ақ, биыл «Шаңырақ» «5-10-20» бағдарламасы іске қосылды. 1986-2020 ж.ж Баспана кезегінде тұрған, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» сайтында Өтініш беріп, айлық табысын растауы керек.Ол бұрын баспанасы бар жандарға да берілетін болады. Сондай-ақ бұл бағдарлама тек жаңа үйлерге берілетінін айта кету керек. Қызылорда облысы бойынша 12 млн теңгеге дейінгі тұрғын үйлерді таңдап алу мүмкіндігі бар. Бастапқы жарна ретінде тұрғын үй бағасының 10%-ын жинақтау талап етіледі. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі займды жылдық 5% мөлшерлемемен ұзақтығы 20 жылға дейін беріледі.
Мейрамкүл Шалабаева «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» арқылы үй алған жаңақорғандықтардың бірі. Ол бірнеше жылдан бері үй алуға кезекте тұрған көп балалы отбасы. Үй алуды жоспарлаған жандардың барлығына мүмкіндік қарастырған банктің «Бақытты шаңырақ» бағдарламасы арқылы үйдің кілтіне ие болған отбасы.
«Біз үйдің бағасының 10 пайызын төлеп жаңа үйге қол жеткіздік. Бүгінде тек қана 2 пайыз үстеме төлейтінімізді және бұл бағдарлама тиімді екенін жеткізгім келеді, – деді ағынан жарылып ол.
Бағдарлама бойынша баспаналы болған жаңақорғандықтардың бірі – Ақзәуре Нұрмағанбетова. Ол кенттегі №110 мектепте физика пәнінен сабақ берсе, жолдасы Жақсылық Исмайлов кәсіптік колледжде жұмыс істеді. Олар екі ұл тәрбиелеп отырған отбасы. «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы үй алуға мүмкіндік алған олар банктің тиімді бағдарламасына дән риза.
– Біз бағдарлама арқылы Қызылорда қаласынан екі бөлмелі пәтер алдық. Мен банктің 3 жылдан бергі салымшысымын. Биыл қаладан үй алуға қол жеткізіп, қуанышымыз еселене түсті. Банкке үйдің алғашқы жарнасын төлеу арқылы қол жеткіздік. Енді ай сайын 55 мың теңгеден төлейтін боламыз, – деді қуанышымен бөлісіп.
Ал Айжан Балғабаева болса №51 мектепте мұғалім. «Бақытты отбасы» арқылы 11 миллион теңгенің үйіне қол жеткізіп отыр. Асыраушысынан айрылған ол көп күтпей-ақ жеңілдетілген бағдарлама арқылы тұрғын үйге қол жеткізгеніне қуанышты.
– Өте қуаныштымын. Баспаналы адам ретінде өзімді сенімдірек сезіне бастадым. Бұның бәрі балалардың болашағы үшін ғой. Отбасымыздың өз үйі болғанына қуаныштымын. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қолайлы шарттарына да ризамын, – дейді ол.
Жоғарыда айтылған «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы конкурсқа көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар өтінім бере алатынын айтқымыз келеді.
Иә, тиімді бағдарламаның тұрғындарға берері көп. Тек дұрыс жолды таңдай білу үшін қаржылық сауаттылығыңызды, бағдарламаның тиімді жақтарын дұрыс түсінуіңіз қажет.
Биылдың өзінде Жаңақорған ауданы бойынша «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы 27 үй берілсе, «Шаңырақ» бағдарламасы арқылы 15 үй алынған.
«Өз үйім, өлең төсегім» дейтін ұлт үшін «Өз үйім» бағдарламасы да 5 жылдан бері жұмыс жасауда. Бағдарлама талабы бойынша алғашқы жарна үй бағасының алғашқы жарнасы 20 пайыз болса, несие 7 процентпен беріледі. Бағдарламаның бір тиімді тұсы – кез келген адам қатыса алатындығы. Ең бастысы, төлем қабілетін расталса болды. Атында жылжымайтын мүлік бар болғаны да кедергі емес және кез келген қаладан үй алуға мүмкіндік бар.
Әрине, мұны банктің қызметін насихаттау үшін айтып отырған жоқпыз, тек өз үйіне қол жеткізуді армандап жүрген жерлестерге ой салсақ деген ниет.
Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА