№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті



Қызылорда гарнизонындағыәскери бөлімдесыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл жөніндегі заңдылықтарды бақылау жөніндегі комиссияның төрағасы, подполковник Ербол Әбдірайымның басшылығымен кезекті жиын өтті.
Жиынның негізгі мақсаты, гарнизонда елімізді қорғау саласына өз үлестерін қосып жүрген әскерилер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу.
«Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан жұмыстар заң бұзушылықтардың алдын алып, сыбайластық әрекеттерге жол берілмеуі тиіс. Сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту және азаматтардың Қарулы Күштерге сенімін көтеру мақсатындағы «Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы» жобасы аясында жүргізіліп жатқан тиімді іс-әрекеттерге де көп көңіл бөлінуде», – деді Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Нұрмұхаммед Сейдуалиев.
Шара барысында өңірдегі мекеме және әскери бөлім басшылары баяндамаларын оқыды. Жазғы, күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру кезіндегі сыбайластық әрекеттерге жол бермеу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға жеке тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстардың қатаң бақылауда екені ескертілді.
Жиын соңында осы дертті жою мақсатында жұмыстар атқарылуы керек екендігі баса айтылып, бөлім және мекеме басшыларына ауқымды тапсырмалар берілді.

Мұхит Қонаров,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
сержант  
12 қараша 2020 ж. 501 0