№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер кеңінен талқыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер кеңінен талқыланды




Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов төрағалық еткен облыс активімен кездесу өтті.
Мәжіліске жергілікті билік, құқық қорғау және орталық атқарушы орган басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Сыбайлас жемқорлық дейтін әлеуметтік құбылыспен күресу мәселесі елімізде ешқашан өз өзектілігін жоғалтқан емес, керісінше, сыбайлас жемқорлық профилактикасына күн санапбаса көңіл бөлінуде
«Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасының со-кураторы, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамов облыстағы «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарған қызметі туралы баяндама жасады.
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің төрағасы Мақсұт Ыбрайханұлы Нәлібаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы Имидждік насихаттау штабының жетекшісі Хусейн Әмір Темірұлы, , Қызылорда облысының ардагерлер кеңесінің пленум мүшесі, қоғам қайраткері Болатбек Пұсырманов және «Адал ұрпақ» облыстық клубының жетекшісі Сандуғаш Мәлікқызы Жүсіповажыл басынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жасаған жұмыстары бойынша өз баяндамаларын жасады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ең тиімді тәсілі – бұл мемлекеттік қызметкерлердің тікелей халықпен қарым-қатынасын болдырмау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен 194 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде 87-сі электронды форматта, 28 қызметті ағымдағы жылдың соңына дейін автоматтандыру жоспарлануда.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде өңірімізде 10 айдың қорытындысымен сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар деңгейі 17 пайызға азайғандығын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жаңа Заңының талабына сәйкес ішкі тәуекелдерді айқындау мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижесі деп айтуға болатындығын аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов айтып өтіп, "Бақыт емес бала керек" тақырыбындағы әзірлеген бейнеролик көрсетілді.
Сөз соңын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев
азаматтар мен мемлекеттік институттарды сыбайлас жемқорлықтан қорғайтын ашық, кәсіби және тиімді мемлекеттік органы болу үшін аянбай жұмыс істеп, барлық күш-жігерін салу қажеттігін хабарлады.
29 қараша 2019 ж. 697 0