№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІ МҮШЕЛЕРІМЕН ПӘРМЕНДІ

ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІ МҮШЕЛЕРІМЕН ПӘРМЕНДІ


«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы: Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі» және «Партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін» түсіндіру және ауылдағы бастауыш партия ұйымының төрағасы мен хатшысын сайлау мақсатында Төменарық өлкесіндегі ауылдарға жол тарттық. Бас партияның аудандағы саяси кеңесінің мүшесі Серік Мұсабай мен аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтанушы маманы Ғалымжан Сәрсенов алдымен Қожамберді ауылын бағытқа алды.

Қожамбердідегі №162 орта мектепте партия мүшелері мен ұстаздар жиналған жиынды ауылдағы партия ұйымының төрағасы, ауыл әкімі Молдахмет Нәлібаев былтырғы жылы атқарылған жұмыстарын баяндады.
– 2018 жылы ауылда көп тірлік жасалынды. Кәсіпкерлік саласында серпіліс бар, ауыз суға қол жеткізді, мектеп және әкімдік ғимараты салынды. Яғни, ауылда әлеуметтік мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Мұндай тындырымды тірліктер партия қолдауымен реттеліп жатқаны рас. Алда әлі алар асу көп, сондықтан, бірлікте жұмыс жасау керекпіз, – деді әкім ол.
«Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін партия белсендісі Серік Мұсабай таныстырды.
– Қазіргі уақытта партия алдында Елбасы Жолдауында көтерілген басымдықтарды жүзеге асыруға байланысты ауқымды міндеттер тұр. Ауқымды мұрат-міндеттерді орындауда партияның бастауыш ұйымдары мен мүшелері белсенділігін арттыру маңызды. Әсіресе, кәсіпкерлікке дем беріп, қызмет көрсету сервизін арттырып, елдің әлеуетін көтеруге үлес қосайық, – деген саяси кеңес мүшесі халықтың тұрмысын түзеу, ауыл экномикасын өркендету жолында бірігіп қызмет етуді үндеді.
Ал, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Ғалымжан Сәрсенов Жолдаудағы жастар әлеуетін көтеруге қатысты пікірлерін ортаға салып, ұсынысын білдіріп, ой бөлісті. Жастарды белсенді болуға шақырды.
– Жастар жылында әсіресе жұмыссыз жүрген жастардың әлеуетін көтеруге көп мүмкіншілік туып отыр. Жаңақорғанда 252 мың мен 500 мың теңгенің 200 гранты беріледі. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, кәсіпкерлік салаға беретін кез келді. Уақыт күттірмей нақты іске көшу керек, – деді.
Жиын соңында ауылдағы бастауыш партия ұйымының төрағасы мен хатшысын және партия мүшелерін сайлағаннан кейін ауыл ақсақалы, жергілікті қоғамдастық төрағасы Аронрашид Жапенов партия қызметіне кіріскендерге сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
Одан кейін, Төменарық ауылдық округін бетке алдық. Төменарық – бірлігі берік, ынтымағы жарасқан, тоғыз этностың басын біріктірген елді мекен. Жастар жылында жас әкім келіп, ауыл әлеуеті еселенеді деген сенім бар. Жиынды аудандық мәслихат депутаты, №53 мектеп директоры Нарымбет Көлжанов ашып, жасалынып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқтала кетті. Ал, ауыл әкімі Нұркен Қошқарбеков биыл күзге дейін ауылда 20 орындық аурухана салынып, пайдалануға берілетінін жеткізіп, қуанышты жаңалығымен бөлісті.
Қашанда қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүретін ауданның «Құрметті азаматы» Серік Мұсабай партия бағытындағы жұмыстарды түсіндіріп, партия мүшелерін сайлауды үйлестірді.
Соңғы бағыт Сүттіқұдыққа келіп тоқтадық. №52 Б.Аралбаев атындағы білім ошағында өткен партия жиынында ауыл тұрғыны бастауыш партияның төрағасын мектеп директоры Әбдіқадыр Орынбасарұлын сайлады.
– Бүгін біз алдағы уақытта баршамыз атап өткелі отырған «Нұр Отан» партиясының 20-жылдығы қарсаңында жиын өткіздік. Басқосуда күн тәртібінде белгіленген мәселелер талқыланып, шешім қабылданды. Нәтижесінде, «Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының кезектен тыс ХХХVІ конференциясына делегаттар құрамын сайладық. Ендігі жерде ел игілігі жолында ерінбей еңбек ете білу керек, – деді С.Мұсабай.

Әли ТЕМІРБЕК.


05 ақпан 2019 ж. 1 029 0