Соңғы жаңалықтар

№4 (8918) 17

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (8917) 13

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (8916) 10

10 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Kaspi.kz шотындағы ақша неге көрінбей қалғаны белгілі болды

Kaspi.kz шотындағы ақша неге көрінбей қалғаны белгілі болды


Тұрғындар есепшоттарындағы ақшалары жоғалып жатқанын хабарлады. Нақты қандай сома қалғанын тексеру мүмкін емес
Kaspi банкте техникалық ақау болды. Кейбір тұрғындар есепшоттағы ақшаларынан айырылғанын айтып шағымданды.
Көптеген қолданушылардың шотында қанша ақша бар екені көрінбей тұр, деп жазады
sputnik.kz сайтына сілтеме жасаған "Жаңақорған тынысы".
"Картамен төлеу, банкоматтан ақша алу, картаға салу және Kaspi.kz арқылы төлемдер мен аударымдар жасау уақытша мүмкін емес. Біз ақауды жою жұмысын жүргізіп жатырмыз. Болған жағдай үшін кешірім сұраймыз", - деп жазылған банктің Facebook парақшасында.
Ал желіде банкке кибер шабуыл жасалды деген ақпарат тарап жатыр. Шотттардан миллиондаған қаражат жойылғаны айтылған.
"Желідегі кибер шабуыл туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Клиенттердің ақшасы орнында, ақау жойылған соң шоттағы сома көрсетілетін болады", - делінген банк ақпаратында.

28 қазан 2020 ж. 973 0