№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қайтыс болған адамның БЖЗҚ-дағы ақшасы қайда кетеді

Қайтыс болған адамның БЖЗҚ-дағы ақшасы қайда кетеді


Бірыңғай жинақ зейнетақы қоры адам қайтыс болғаннан кейін оның жиналған ақшасы қайда кететінін түсіндірді. Қор өкілдерінің айтуынша, бұл ақша азамат көз жұмғаннан кейін де оның меншігі болып қала береді, деп хабарлайды Stan.kz сайтына сілтеме жасаған "Жаңақорған тынысы".

«Азаматтардың жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналарынан, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан және ерікті зейнетақы жарналарынан түскен ақшалар, өзге де жинақтар салымшылардың меншігі болып табылады және БЖЗҚ-да мерзімсіз сақталады. Бұл қаражат адам қайтыс болғаннан кейін де оның меншігі болып қала береді», - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлға қайтыс болған жағдайда оның жинақтары заңнамаға сәйкес тәртіпте және толық көлемде мұрагерлеріне қалдырылады.
«Тағы бір ескерте кететін жәйт, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес алушы немесе БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғалар зейнет жасына жетпей қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға Қордан республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан аспайтын біржолғы жерлеу төлемі беріледі», - деді қордың баспасөз қызметіндегілер.
2019 жылдың 1 қаңтарына бұл сома 132 310 теңгені (52,4 * 2 525 = 132 310 теңге) құрайды.
Егер салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинағындағы қалдық ақша жерлеуге біржолғы төлемді жүзеге асырғаннан кейін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын болса, аталмыш қалдық ақша жерлеу төлемі ретінде төленеді.

01 тамыз 2019 ж. 957 0