АУЫЛ ƏЙЕЛДЕРІ ФОРУМЫ
Сыр елінде облыстық "Ауыл әйелдері"форумы өтті. Аталмыш форумға 80-нен аса ауыл әйелі қатысты. Оған Батыр аналар, түрлі салада жемісті қызмет жасап жүрген нəзік жандар, мемлекеттік қызматкерлер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.
Биыл карантинге байланысты форум ZOOM онлайн-алаңында өткізілді.
Форумды өткізудегі негізгі мақсат облыстағы əйелдер кəсіпкерлігін одан əрі дамыту.
"Сыр өңірінің дамуына əйел кісілердің қосқан үлесі зор. Сондықтан бүгінгі шараның маңызы ерекше, Ауылды дамытуда да əйел кісілер белсенділік танытып келеді"-деді форумды жүргізуші Майра Араповна.
Форумда әйелдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. Жаңа бағытта жұмыс бастағысы келген әйелдерге көптеген бизнес --идеялар таныстырылды
"Соса-Соla Белестері"əлеуметтік жобасын ұсынып, нəтижелері мен отбасылық бизнесті бастау үшін грант алу мүмкіндіктері жайлы толық ақпараттар берілді.
"Ақ орамал" жобасының маңыздылығы жайлы мағлұмат беріліп, аталмыш жобаның бірнеше аудандарда жалғасын тапқаны айтылды.
Осылайша форумда сан-салада қызмет етіп жүрген қыз-келіншектер табысты кəсіпкер атанудың қыр-сырымен бөлісті.
Өңірдегі іскер әйелдердің басын қосқан онлайн форматта өткен игі шарада қоғамдағы, отбасындағы ананың орны, ұрпақ тəрбиесінің маңыздылығы жайлы әңгіме өрбіді.