Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Субсидия: сапалы өнімге сұраныс

Субсидия: сапалы өнімге сұраныс


Аграрлы саланы дамытудың басты тірегі – мал шаруашылығын дамыту. Әсіресе, жеке шаруақожалықтардың мал басын көбейтіп қана қоймай, тұқымын асылдандыру бүгінгі күннің басты талабы.


Аудан басшысы Руслан Рүстемов ауылшаруашылығын дамыту тақырыбында өткізген кеңейтілген мәжілісінде карантин кезінде 3 мыңға жуық кәсіпкерлер салық төлеуден босатылып, олардың ісі тоқырауға ұшырамас үшін мемлекеттен айтарлықтай қолдау жасалып жатқанын айта келе, мал шаруашылығын дамыту қажеттілігін түсіндірген еді. Адам денсаулығының нығаюында табиғи тағам үлкен рөл атқаратындықтан сапалы өнім өндіру қажеттілігі артты. Шетелден жеткізілетін ет пен сүттің орнын алмастыра алатындай қауқарлы шаруа қожалықтар құру да маңызды іс.
Мемлекеттің тарапынан түрлі бағдарламалар әзірленіп, қаржылай қолдау жолға қойылған. Пайызы төмен несие берумен қатар асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидия төлеу үрдісі жылдан жылға артып келеді. Бұл туралы аудандық ауылшаруашылығы бөлім басшысының орынбасары Бақыт Жексенбаев айтты.
– Биылғы жылы аудан көлемінде егін және мал шаруашылғымен айналысып жатқан азаматтарға мемлекеттен айтарлықтай қайтарымсыз қаражат берілді. Бұны арнайы сайттарға құжат тапсырып, қатаң бақылаудағы порталмен жұмыс жасау арқылы иеленді. Ең бастысы, сыбайластық жемқорлыққа жол бермеуге үлкен мүмкіндік болды, – деді маман.
Облыста ұсақ мал шаруашылығымен көш бастап тұрған ауданда биыл жыл басынан бері 250 кәсіпкер мемлекет қолдауына ие болды. Тарқатып айтсақ, plem.kz порталы арқылы 428,1 млн теңге егін шаруашылығы субсидияланса, qolday.kz порталы арқылы 216,1 млн теңге мал шаруашылығын дамытуға субсидияға берілді.
Жалпы, 644,2 млн теңге көлемінде қолдау көрген ауылшаруашылық саласында қандай жаңалықтар бар? Қаражат алған кәсіпкерлердің тыныс-тіршілігі қалай? Мұны жергілікті кәсіпкер, «Алшынбай» шаруақожалығының иесі Алшынбай Тұртановтан сұрап көрдік.
– «Қаракөл» тұқымын көбейтіп, одан өнім алу басты мақсатым. Иелігімдегі 3500-дей қойға ұрықтандыру жүргізуді жоспарлаудамын. Одан бөлек 800-дай ерте көктемде туылған қозыларым бар. Жоспар жүзеге асса, қаракөлдің саны еселенер деп отырмын. Субсидия талаптарына сай құжаттар тапсырып, қолдау қаражатын күтіп отырмын, – деді ел ағасы.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуда өз тәжірибесі бар шаруақожалық иесі мал шаруашылығында шығындар көп болатынын жасырмады. Осыншама қойға бір жылда қыруар қаражат жұмсалатынын айтты. Жем-шөптің жылдан жылға қымбаттауы, қаржыландыру талаптарының жыл сайын өзгеруі, жайылымды жердің тарлығы мал шаруашылығында өзекті мәселеге айналған. Биылғы жылы шөп түгі 600 теңге болса, 3500 қойға 10 мың престелген шөп қажет етіледі. Жайылымдық жерді жалға алу үшін 2 млн. теңге қаражат жұмсалады. Жылына 4 көш түзеу үшін көлік шығыны мен шопандар тұрағын жөндеу мен малқораны жөндеу де артық шығынды көбейтеді.
Осы іспетті шығындардың орнын толтырып, шаруақожалыққа дем беруге бағытталған көмекті беру – айналып келгенде табиғи тағамдануды қалыптастырады. Сондықтан өзге аймаққа қарағанда біздің ауданда ет пен сүттің бағасы тұрақты, әрі қолжетімді.

ТҮЙІН. Мемлекеттік қолдау қорларынан қомақты қаражаттар жыл сайын беріліп жатса да, құмға сіңген судай нәтижелі жұмыс бере алмауының басты себебін айттық. Атакәсіпті арда тұтқан жандардың қысы-жазы ел игілігі үшін еңбек етіп, мал соңында күн кешкен еңбекқорлығы мен маңдай терінің өтемі өтелгені жөн-ақ.

Мақпал МАРҚАБАЙ
26 қыркүйек 2020 ж. 337 0