№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАСИЕТКЕ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

ҚАСИЕТКЕ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЛДЫ


Естеріңізде болса, төл басылымның №14 (8135) санында «Қаршадай Қасиеттің қарекеті» атты Әбдісамат Әбдіштің мақаласы жарық көрген болатын. Сол мақаланы ауыл әкімі қолына алып, облыс орталығына жол тартады. Өзінің кураторы, «Қызылорда сушар» филиалының директоры Болат Арыстанбаевқа мән-жайды түсіндіріп, өтінішін жеткізген соң, басқарма басшысы бірден іске кірісіп, тігін машинасын алып беруді ұйғарады. Заманауи үлгідегі тігін машинасының ерекшелігі электронды түрде қолданылады. Осы хабар жеткеннен кейін Аққұмға бет алдық.
Жол бастаушы Кейден ауылдық округінің әкімі Бақтияр Тоқтыбаев. Көлік ішінде қайырымды азаматтың ұлы Дастан Болатұлы мен «Жаңақорған сушар» мекеме басшысы Мәжит Ахметов бар.
Жол үстінде ауыл әкімі Аққұмдағы атқарылып жатқан жұмыстарды сөз етті. Әрі, мекеме басшысы Мәжит Ахметовқа аяқ су мәселесін қозғай кетті. Жусанның аңқыған иісімен ауылға да жеттік. Үй иесі күтіп алып, жол бастады. Қызының асыға күтіп отырғанын да жеткізді. Алдымыздан шыққан Қасиет сәлемін беріп, бірінші айтқаны сөзі «рахмет» болды.
– Қалың қалай, Қасиет?
– Шүкір, жақсымын.
– Өзіңе мына тігін машинасын Қызылордадан Болат деген ағаң беріп жіберді, – деді ауыл әкімі.
– Рахмет... Ары қарай қыз үнсіз тұрып, көз жасына ерік берді. Иә, бұл қуаныштың көз жасы болатын.
Абдрамановтар әулетінде өмірге келген нәзік жандының тағдырына жазылған дерт оның жігерін жасытпады, алға ұмтылуға, жаңа бастамаларды жүзеге асыруына итермеледі. Мың естігеннен бір көргенге не жетсін. Расында, төл туындыларынан шағын кәсіптің шырайын келтірген бұрымды қыздың түрлі пішіндегі дүниелер үй төрінен орын тепкенін көріп таң қалдық. Жылтыраған майда моншақ (бисер) пен гипс, ермексаз, лента сынды заттар Қасиеттің қолданатын басты құралдары екен. Қасиеттің бір арманы қашықтықтан болса да оқысам дегені арманы жақындай түскен тәрізді.
– Алматыға барып ота жасатқан болатынбыз. Нәтижесі жаман емес. Алла бұйыртса қызым аяғына тік тұрып, оқуға өзі барып келеді деген нық сенімдеміз. Қалғаны уақыт еншісінде. Ең бастысы, Қасиеттің келешекке деген мақсаты, асқақ арманы бар, – деді анасы Қалипа Иманбаева.
Иә, білімін жетілдіріп, заман талабына сай мамандық алуды қалайтын оның ерік-жігері мұратына жеткізетіне сенеміз.
Ауыл әкімі Бақтияр Тоқтыбаев бұл отбасы үнемі назарында екенін тілге тиек етті. Әрі өзінің жұмыс кабинетіне Қасиеттің қолынан шыққан бүкіл туындыларын жинастырып альбом ретінде шығарып қойыпты. Енді білікті басшы әрбір қызметкеріне арнайы эмблема тіктіру жоспары бар екенін айтты.
– Қолөнердің ерекше түрін кәсіп еткен Қасиеттің өмірге деген құлшынысы көпке үлгі. Әсіресе, дипломы бола тұра жұмыссыздар қатарында жүргендерді ойландыруы тиіс. Талантты жастың өнеріне сүйсінген әкем бұл жағдайға бей-жай қарай алмады. Сондықтан, қолдан келгенше көмек көрсетуге дайынбыз, – деді Дастан Арыстанбаев.
Қонақжайлық танытқан үй иелері іскер басшы мен облыс орталығынан арнайылап келген мейманға жасаған қамқорлығы үшін алғыстарын жеткізді.

Р.S.: Газеттің кезекті санында екі мекемеге ұсыныс ретінде Қасиетке қамқорлық жасауды өтінген едік. Алайда, жауапты облыс орталығынан алдық. Тек басшы ғана емес, адамдық қасиеттің биігінен көрінген Болат Сабырұлының бұл сауапты ісі көпке үлгі болды. Қазақ қоғамында осындай жандар көп болса игі...

Әли ТЕМІРБЕК.
07 сәуір 2018 ж. 1 520 0