» » Бағдар бар, бағыт белгілі

Бағдар бар, бағыт белгілі


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізі басымдық – елді дамытуға бағытталған. Жолдау тарихи құжат. Өйткені ол елімізді одан әрі дамытудың, биік табыстарға жеткізудің бірден-бір жолы. Жолдауда атап көрсетілгендей бүгінгі міндет – халықтың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын артыру мәселесіне айрықша тоқталды. Ұлттың жаңа сапаға көшуі үшін біздің күнделікті өмірлік ұстанымдарымызды да өзгерістер енгізуіміз қажет екендігін және оның бірнешеуін атап көрсетті.


Жолдаудағы негізгі бағыттың бірі – білім сакпасы. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет екені көтерілді. Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек екенін айтпаса да түсінікті. Ұстаз алдынан өткен шәкірттің білім мен тәрбиесі бөлек болады. Әл-Фараби айтпақшы, «тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» екені осыған анық дәлел. Сондықтан, санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін қайта әзірленсе дұрыс болар еді.
Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік бе­ріл­месе, әлеуметтік-экономикалық даму­дың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. Президент осылай деді. Демек алдағы уақытта құқық қорғау және сот жүйелеріне негізгі рөл жүктелетіні ескеріліп, бұл салаларға реформа жүргізіледі.
Алайда, бұл мәселенің шешімін кейінгі қалдыруға болмайтыны тағы айтылды. Өйткені келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өткізілуі мүмкін. Жергілікті билік өкілдерінің сайланбалы болуымен қатар, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзыреттерді бөлу және жергілікті өзін-өзі басқару ісін айқындалатын болады. Аса маңызды мәселенің бірі – аймақтарды бюджеттен қаржыландыру моделін әзірлеу.
Президент айтқанындай, жаңғырған қоғам жат әдеттерден біртіндеп арылуы керек. Біздер ауылда тұрғандықтан Мемлекет басшысының ауыл шаруа­шылығы саласының түйткілді тұстарын дөп басып айтқандығына ризашылығымызды білдіреміз. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қандай кедергілерге тап болып жүр едік. «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заңы аясында атқарылуға тиісті мәселелер шешімін таппай қалды. Кооперативтер ауылдың тірегіне айналып, экологиялық таза мал шаруашылығы өнімдері көлемінің артуына, ауылда жаңа жұмыс орындарының ашылуына, ауыл тұрғындарының табыс деңгейінің көтерілуіне айтарлықтай ықпал ете алмай қалды. Ғылыми-өндірістік жетістіктермен, озық техно­логиялармен толықтыру сатысы да төмендеп қалды. Субсидиялауға қарас­тырылған қаражаттың басым бөлігі тиісті салаларға жетпей қалды. Осы аталған мәселелер Жолдау аясында шешімін тауып, шаруасы тұралаған бірқатар қожалықтардың қызметі қайта жанданады деп пайымдаймыз. Қысқасы, нақты бағдар бар, бағыт белгілі болды.

Әсілбек АЙТЖАНОВ,
Қожакент ауылдық округінің әкімі
07 қыркүйек 2020 ж. 431 0