№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Ғылымға қолдау - келешекті ойлау

Ғылымға қолдау - келешекті ойлау


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған жолдауынының ауқымы кең, әрі егжей-тегжейлі міндеттер мен нақты мақсаттарға негізделген.
Жолдаудың қазіргі күрделі жағдайда мемлекеттің экономикалық тұрақтылығының сақталуы мен ел игілігінің артуы жолында үлкен старт болары анық.
Жолдауда айтылған білім мен ғылымға жасалатын ерекше қолдаулар, дамудың жаңа жолдарын ашып берері сөзсіз.
Президент елімізді ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі арнаулы бағдарламалық құжат қажеттігін атап өтті. Бұл құжат ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуге ғылымның әлеуетін пайдалануға себеп болмақ.
Халықтың арасында ғылыми көзқарасы дамыған, терең ойланатын азаматтардың көп болуы - еліміздің еңсесін биіктетіп, ғаламдық өркениет өрісіне шығармақ.
Дамудың кілті - білім мен ғылымда, инновацияда және патриоттық рухта. Сондықтан да біздер - жас ұрпақ әрақашан білім мен ғылымға жаны құштар, кез-келген өзгеріске дайын, бейімделгіш болуымыз керек.

Наурызбай Орынбасаров,
Жаңақорған аудандық «Жастар ресу
рстық орталығының" директоры
01 қыркүйек 2020 ж. 411 0