№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "SMS жолданады, 1 санын басыңыз": кімдер өтініш бермесе де 42 500 теңге алады

"SMS жолданады, 1 санын басыңыз": кімдер өтініш бермесе де 42 500 теңге алады


Қазақстандықтардан 42 500 теңгеге өтініш қабылдау күзге дейін жалғасады, алайда жәрдемақы шілде айына ғана беріледі
Шілде айына төленетін әлеуметтік жәрдемақыға өтініш қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап zhanaqorgan-tynysy.kz.

"Бұл жолы осы күнге дейін үлгеру керек деп шектеу қоймаймыз. Төлем шілде айына арналады, бірақ өтініштерді 1 қыркүйекке дейін қабылдай береміз. Порталдар сол уақытқа дейін жабылмайды", - деді Нұрымбетов онлайн брифингте.
Осы орайда министр қазақстандықтардан өтінішті бірнеше рет жібермеуді өтінді. Айтуынша, бұл порталдарға салмақ түсіреді.
Сонымен қатар, ол кімдерге әлеуметтік төлем проактивті, яғни өтінішсіз тағайындалатынын айтты.
"Біз шектеу шараларын сараптай келе, төтенше жағдай кезінде төлемді сәтті алған, жағдайы әлі де өзгере қойған жоқ-ау деген азаматтарға СМС-хабарлама жолдап жатырмыз. Егер сіз табысыңыздан айырылғаныңызды растап, 1 санын бассаңыз, ертең, жұма күні порталға кіріп өтініш берудің қажеті жоқ. Біз 42 500 теңгені проактивті түрде тағайындаймыз", - деп түсіндірді Нұрымбетов.
42 500 теңгені кімдер алады:
• жалақысыз еңбек демалысына шыққан жалдамалы жұмысшылар;
• жеке кәсіпкерлер;
• жеке практикамен айналысып жүрген тұлғалар;
• азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартпен істеп жүргендер;
• бірыңғай жиынтық төлемін төлеп жүрген жеке тұлғалар.


17 шілде 2020 ж. 853 0