№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жұмыссыз қалған 35 мыңнан астам адамға жәрдемақы берілді

Жұмыссыз қалған 35 мыңнан астам адамға жәрдемақы берілді

"Жаңақорған тынысы" 35 мыңнан астам адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты төлем берілді, деп хабарлайды халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​Мамыр айында 5,2 мың азаматқа жәрдемақы тағайындалған.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады», делінген хабарламада.

Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған қызметкер Egov.kz порталында авторизациялану; «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау; Онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық алаңдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет.

Бір күн ішінде тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер жұмыс табылмаса өтінім берушіге 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін сізге ХЖҚО қызметкері хабарласады).

Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.


09 маусым 2020 ж. 896 0