№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Заманмен үндескен зауыт

Заманмен үндескен зауыт


Заманауи технологиясымен ерекшеленетін кәсіпорын «СКЗ-U» ЖШС күкіртқышқылы зауыты халықтың әлеуметтік мәселеріне де мән береді. Инновациялық жобалар мен ел игілігін сабақтастырып, қоғамның қажеттілігін қанағаттыруды мақсат еткен зауыт аудандық ауруханаға қомақты қолдау жасаған кәсіпорындардың бірі.


Өндірістік міндеттерді орындай оты­рып бизнестегі әлеуметтік жауапкершілік принципі қағидаттарын қатал сақтайтын зауыт жұмыскерлердің саулығына ерекше көңіл бөліп, сапалы тамақ тұтынып, салауатты өмір салтын ұстануды талап етеді. Осы себепті қызметкерлердің әлеуметтік пакеті мен толық меди­циналық сақтандыруын қамтамасыз етіп, күнделікті медициналық бақылау жүргізуде. Мұнда медициналық бекет жұмыс істеп, қызметкерлерді күнделікті медициналық тексеруден өткізеді. Сонымен қатар жыл сайын аудандық емхананың жылжымалы медициналық кешені барлық жұмыскерлерді міндетті алдын-алу үшін қараудан өткізеді, бұл ауруларды ерте сатысында анықтап науқасты есепке алуға және қажетті емді қабылдауға мүмкіндік береді.
Медициналық бақылау қатаң жүргізіліп жатқаны жөнінде зауыттың бас директоры Мәдіхан Әріпұлы:
– Әлемді жайлаған пандемияға қарсы күресіп, халық саулығын нығайтуға күш біріктіре алсақ, барша елдің тілегінің орындалғаны деп түсінемін. Осындай ауыртпалық кезеңінде экономика құлдырамай, ірі өндірістердің ісі тұра­ламай, қиындықтан шығудың жолын көрсетіп, елмен бірге өнімділікті ұстап тұру мемлекеттің де, әрбір азаматтың да парызы. Осы тұрғыда барша отандастарымды бірлік пен ынтымақтастыққа үндеп, қайырымдылық шараларға атсалысып, қолдан келер істі ел игілігіне арнауына тілекшімін! – дейді.
Күніне 1500 тонна, ал жылына 500 000 тоннадан астам күкірт қышқылын өндіретін зауытта 277 қызметші қызмет етеді. Оның 65 пайызынан астамын жергілікті тұрғындар құрайды. Осыншама азаматтардың денсаулығына жауапкершілікпен қарап, үнемі назарда ұстап, дәруменге бай тағамдар ұсынып отырған зауыттың әрекеті көпке үлгі.
Зауытта дене сауықтыру, білім жетілдіру, салауатты өмір сүру қағидасы қалыптасқан. Мұны қызметкерлердің күнделікті өмірінен аңғару қиын емес. Мәдени, спорттық, ағартушылық сайыс­тарға қатысып, зауыттың абыройын асқақтатып, біліктілігін, білім-қабілетін байқатып жүрген қызметкерлер көп-ақ.
Айта кетерлігі, «СКЗ-U» ЖШС білім жүйесінің жергілікті және мемлекеттік деңгейде қолдауды жүзеге асырады. Кәсіпорын дарынды оқушыларды және студенттерді белсенді қолдайды, олардың Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқуын, әр түрлі олимпиадаларға қаты­суын қаржыландыру қарастырылған.
Зауыттың білікті кадрлары туралы зауыт басшысының орынбасары Сәулебек Дүйсебеков: «Кәсіпорын қаражаты есебінен қызметкерлерді дайындау шен­берінде ЖОО-3, колледждерде бейінді мамандықтар бойынша 5 студент оқып жатыр. Олар оқуын бітіргеннен кейін инженер-теплоэнергетик, инже­нер-технолог болып арамызға қосылып, зауыт жұмысын жандандырады деп сенеміз, – деді ол.
Зауыт орналасқан Кейден ауылына әлеуметтік проблемаларын шешуге үлкен назар аударып көмек беріледі. Ауыз су үшін ұнғыма бұрғыланды, электронасос көмегімен ауылға берілетін аяқ судың электрэнергия шоттары төленуде.
Жыл сайын «Мектепке жол» акция­сына қатысып, аз қамтылған отбасы және әлеметтік-осал топтағы оқушыларға мектеп киімдері, сондай ақ балабақшада тәрбиеленетін балаларға жаңажылдық сыйлықтар беріледі. Жыл сайын Жаңақорған ауданындағы ҰОС және тыл ардагерлеріне ақшалай сыйақылар таратылады. Сондай-ақ түрлі мерзімді басылымдарға оқырманды тегін жазылу үрдісі ұйымдастырылған.
Қысқасын айтсақ, кәсіпорын демеу­шілік және қайырымдылық жобаларға 2012-2017 жылдары 33,45 млн. тенге бөлсе, 2018-2020 жылы одан да үлкен қаражат аударды.
– Ауданда эпидемиологиялық ахуал айтарлықтай қиындаған сәтте ауру­ханадағы науқастарға жәрдем беруге ниет еткендердің қатарында «СКЗ-U» ЖШС күкіртқышқылы зауыты да болды. Осы қолдау аясында біршама айға жететін газ баллон аппараттары ауруханаға берілді. Ондағы ауыр жағдайдағы науқастар ризашылығын білдіріп, демеуші жандарға ризашылығын білдіруде, – деді аудан әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бакиров әлеуметтік желіде.
Жергілікті жердегі ірі зауыттардың қомақты қаражатына жасалған қайы­рымды шарасына халық өз пікірін білдірді.
– «Жұмылған жүк жеңіл келеді» деген­дей, елдегі ірі кәсіпкерлер мен кәсіп­орындардың қайырымдылық жасауы халыққа үміт беруде. Осы шара жал­ғасып, барша кәсіпкерлер қолдау берсе, бұл қиындықты да еңсеріп, ел болып қуанышқа қауышар сәт туады, – деді Ерман Әбілтанов.
Зауыттың ұстанған барлық бағыты көпшілікке қажетті, қоғамға маңызы зор бастамалар. Білім-сауаттылық, ден­саулық-сапалық, инновациялық-цифр­лық, қайырымдылық-игілік секілді ба­ғыт­тары айқын. Қадамы қарыштап, өрісі құлаштап дамып келе жатқан зауытты заманмен үндескен зауыт деуге болатындай.

Мақпал МАРҚАБАЙ
14 шілде 2020 ж. 464 0