Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Ауру адам талғамайды

Ауру адам талғамайды

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Қазақпарат сайтына сілтеме жасап "Жаңақорған тыныс" сайты. 

Бұл жайында халық қалаулысы өзінің Instagram парақшасында жазды.
«Соңғы күндері көп азаматтар денсаулығыма алаңдаушылық білдіріп, хабарласып жатыр. Әлемдік пандемия салқыны маған да тиді. Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Алдымен үй жағдайында ем қабылдап бастаған едім. Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауындамын. Тиісті ем шараларын қабылдап жатырмын. Дәрігерлер атаған COVID симптомдарын бастан өткерудемін» деп жазады Бекболат Тілеухан.Оның айтуынша, қазір вирустың таралу ықтималдығы артты.
«Сондықтан, азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин әлі бітпеді» деп ескертеді депутат.
12 маусым 2020 ж. 1 079 0